"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАҢА ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 17:14

 

Оңтүстік Қазақстан облысына шет елдерден инвесторлар келді. Олар «Сарыағаш жер сыйы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жүйелі жұмыстармен танысты. Бұл орайда аудан басшысы көкөніс пен бау-бақша өсіруге бейім өңірдің тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында шетелдік делегациямен бірге бірнеше нысандарды аралады. Алдағы уақытта ауданда жаңа жобалар жүзеге асып, игі бастамалар жалғасын таппақ.

Оңтүстік өңірі – республика халқын толықтай көкөніспен қамтамасыз етіп отырған аймақ. Агросаланың дамуына егістікке климаты қолайлы Сарыағаш ауданы да өз үлесін қосып келеді. Бұл орайда шетелдік қонақтар саялы Сарыағаштың ауа райы, табиғатымен жіті танысып, жан-жақты тығыз қарым-қатынас жасауға құлшыныстары зор екендігін айтты.

Қайрат Абдуәлиев, Сарыағаш ауданының әкімі: Оңтүстік өнімдері ретінде барлық өзіміздің тиісті еліміздің түкпір -түкпіріне және қосымша шетелге шығаруға мүмкіндік болып отыр. Соған барлық Департаментпен бірлесе отырып, каналдарды тазартуға, жердің ыңғайына, мүмкіндігіне қарай, бау өнімдерімен 25-ке жуық алма өнімдерінің көшетін өндіруге мүмкіндік жасап жатыр. 10-нан астам жүзім көшеттерін отырғызып, өзіміздің нарығымызды, бағаның тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында жұмыс жасалып жатыр».

Танабай Шынтасов – бақшалықты дамытуға бар күшін салатын өз ісінің шебері. Оны мамандардың жетіспеушілігі де, өсіруге болатын тұқым түрлерінің тым аздығы да тоқтата алмайды. Кездесуде инвесторларға ауданда өсірілген алма, жүзім, алхоры сынды жемістердің бірнеше түрлері көрсетілді. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар өндірілген өнімдерді сапалы сақтайтын қоймалармен де танысты. 

Танабай Шынтасов, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-нің басшысы: «15 гектар жерде көшет өсіріледі. 10 гектар жерге аналық буламалар егіледі. Соның барлығын көбейтіп, жылына 600 мыңға жуық жүзім көшетін, 200 мыңға жуық жеміс көшеттерін шығарамыз. Соңғы кездері тек дәстүрлі алма жемісін ғана емес, сонымен қатар, анар, лимон, киви, банан сияқты өнімдерді тексеріп көріп жатырмыз. Сондай-ақ, алманың басқа да сұрыптарын зерттеп, біздің климаттық жағдайға келе ме, келмей ме, сол жағын анықтап жатырмыз».

Шетелдік делегация ендігі кезекте Жібек жолы кеден бекетіне аялдады. Ондағы тыныс-тіршілікпен танысқан Қайрат Амангелдіұлы, алдағы уақытта осы кеден бекеті маңында ауқымды жұмыстардың жүзеге асатындығын жеткізді. Халықаралық тұрғыда маңызы бар құрылыс нысандары салынып, саялы Сарыағаш одан әрі гүлдене түспек.

200 рет қаралды

Пікір жазу