"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МҮЛІКТІ ЖАРИЯЛАУ – ЖАҚСЫ МҮМКІНДІК

Жұма, 02 Қыркүйек 2016 17:16

 

Мүліктерді заңдастыру акциясы 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүргізілгенімен, жылжымайтын мүліктерге байланысты құжаттарды қабылдау уақыты 30 қарашада аяқталады. Бұл туралы Абай аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастығы Ерұлан  Мырзатаев мәлімдеді. Оның айтуынша биыл ауданда тіркелген 96 жеке тұлға 8 млрд теңге қаржысын заңдастырып үлгерген.

Ерұлан Мырзатаевтың мәліметінше, Шымкент қаласының 8 азаматы пәтерлерін салық декларациясы арқылы 332 млн теңгеге мүліктерін заңдастырған.

Бұған жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылған комиссиялар өз септігін тигізуде. Абай ауданы әкімшілігіне жылжымайтын мүліктерді жария ету бойынша 1212 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 900 азаматтың мүліктері декларацияланған. 

Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тарапынан аудан аумағында орналасқан азаматтар меншігіндегі жер және мүлік салықтарын есептеудің арнайы бағдарламасы енгізілген. Соның нәтижесі болар, ағымдағы жылдың 8 айында 71 млн теңге салықтық түсімдер түскен. Айбек Ақылбеков соңғы жылдары мемлекеттік бюджеттің бүйірін томпайтып отырған жеке тұлғалар қатары көбейгендігін айтады.

Жиын қорытындысы бойынша мұндағы мамандар аудан аумағында орналасқан қала тұрғындарын жер және мүлік салықтарын қазан айының 1-не дейін төлеуге шақырды.

Жалпы ақшаны жария ету бойынша 3 опция ұсынылады. Біріншіден, банк шоттарына олардың сақталуы бойынша міндеттемесіз, алымдарды төлемей, шектеусіз өзінің қарауы бойынша иелік етуіне қарай аударуға мүмкіндіктер көзделеді. Сонымен қатар, банк шотына 10 пайыз мөлшерінде алымды төлемей-ақ аудару қарастырылады. Заң жобасында қамтылған шараларды іске асыру үшін жария ету мерзімін 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту қарастырылған болатын.

227 рет қаралды

Пікір жазу