15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӨЛЕБИДЕ БЕС МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:33

 

Жаңа оқу жылында Төлеби ауданына қарасты бес елдімекенде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 800 орындық бес мектеп пайдалануға берілді. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның Әңгірата, Абай, Көксәйек, Жіңішке және Керегетас елді мекендерінен ашылған білім ошақтары мектепке баратын бала санының артуына байланысты бой көтерген болатын.

Білім ұяларының ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Бұхарбай Парманов барша ұстаздар мен оқушыларды білім күнімен құттықтап, Төлебиде 150 орындық екі мектеп және 250 орындық үш мектептің есігі оқушыларға айқара ашылғанын хабарлады.

Жаңадан ашылған барша мектептің ғимараттары заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен мұнда лингафондық кабинеттер, интерактивті тақталар, мультимедиялық құралдар, жаңа үлгідегі химия және биология кабинеттері оқушылардың сапалы білім алуына мүмкіндіктер туғызары хақ. Сондай-ақ, спорт залдары мен шеберханалар, мәдениет залдары оқушылардың өздері қалаған кез келген спорт пен өнердің түріне баулиды.

Жалпы Қазақстанда «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша 21 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 13 мектеп (ОҚО-да – 7, Қызылорда облысында – 2, Ақтөбе, Маңғыстау, ШҚО, СҚО-да – бір-бірден), 8 балабақша, оның екеуі – Алматы облысында, бір-бірден – Қарағанды, Маңғыстау, СҚО, ОҚО-да және Алматы қаласында 13 мектеп пен 8 балабақша салынған. Бұл туралы жуықта Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Ұлттық қор қаражаты есебінен білім беру нысандарын салуға 57,9 млрд теңге бөлінсе, соның аясында 96 нысан салынып жатқан көрінеді, оның ішінде 77 мектеп және 19 балабақша бар.

 

 

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

255 рет қаралды

Пікір жазу