"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЖАЙЛАУКӨЛ» –НАҒЫЗ ДЕМАЛЫС ОРНЫНА АЙНАЛДЫ

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:37

 

«Жайлаукөл» Шымкенттіктер және қала қонақтары үшін нағыз таптырмас демалыс аумағына айналды. Жақында өңір басшысы мен қала әкімі бірге келіп, салтанатты жағдайда ашқан демалыс кешенінде ертелі-кеш адам аяғы үзілмейді. Қалаға кіре-беріс жерде «мен мұндалап» тұрған «Жайлаукөл»

Шымкенттің көркіне көрік қосып, Алматы тас жолының сәнін ашып тұрғандай.  Демалыс аумағында барлық жастағы тұрғындар үшін 20 аттракцион және 50 метрлік айналмалы дөңгелек орналасқан. Айтпақшы, бұл маңда «Shymkent City» жаңа қалашығы бой көтеріп келеді. Қалашықтың саябағы саналатын

«Жайлаукөлде» спорттық шаралар ұйымдастыру үшін барлық жағдай жасалған. Демалыс аймағында орналасқан айналмалы дөңгелек Орта Азияда ең үлкені болып саналады.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласында «Түркістан» сарайы, облыстық қазақ драма театры, облыстық тарихи өлкетану мұражайы, салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығы, этносаябақ, бейнелеу өнері мұражайы ашылды.

Биылғы жылдың наурыз айында облыстық тарихи өлкетану мұражайы мен салт-дәстүр және әдеп-ғұрып орталығын, «Наурыз» алаңы мен «Жайлаукөл» демалыс аймағын біріктіретін «Қазына» этнотарихи кешені ашылып, бірыңғай сәулет кешенін құрады. Этносаябақта өңірдегі тарихи-мәдени 27 ескерткіштің макеті мен диаметрі 21 метрді құрайтын түрлі-түсті субұрқақ орнатылған. Сонымен қатар осы аймақта Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монумент бой көтерген.

Сондай-ақ, осындағы аумағы 15 га құрайтын «Жайлаукөл» демалыс аймағында қазақ ауылы орын тепкен. Мұнда 4 ротондамен қатар, қайық стансасы мен көлік тұрағы қарастырылған. Шымкенттегі бұл этнотарихи кешен миллионға жуық тұрғыны бар шаһар халқы мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналып келеді.

Жалпы өткен жылы облыста 8 ауылдық мәдениет үйі ашылса, биыл өңірде 13 жаңа мәдени нысанның құрылысы жүруде, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен.

207 рет қаралды

Пікір жазу