27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

БІТІМГЕРШІЛІК – БЕРЕКЕГЕ БАСТАР ЖОЛ

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:39

 

Елімізде 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы қабылданып, тамыз айынан бастап заңды күшіне енген болатын. Дегенмен, халықтың дені бұл заңды әлі де тереңірек түсіне қойған жоқ. Ал, бұл тәсілді дамыған елдердің көбі қолданып келеді.

Дау-дамай туа қалса, бірінші кезекте медиаторларды іздейтіні белгілі. Өткен ғасырларда қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымында аса маңызды орын алған билер тек ел басқарушы ғана емес, сонымен бірге төрелік айтатын тұлға болған. Демек, медиация қазаққа жат үрдіс емес.

"Даму" жастар қоғамдық бірлестігі ОҚО "Ішкі саясат басқармасы" ММ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында: «ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  Қазақстан әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам бағдарламалық тапсырмасы мен ҚР «Медиация туралы» Заңын насихаттау және медиация  процедураларын еңбек қатынастарында пайдалану жұмыстарын жүргізу бойынша  іс-шаралар ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда.

Жоба аясында ОҚО тұрғындарына «Медиация туралы» Заң терең түсіндіріліп, оны қолданудың реті жайында мағлұмат берілуде. Медиацияның басты мақсаты – дау-дамайды сотқа дейін жеткізбей-ақ, бітімгершілікпен шешу. Істің екі жаққа бірдей тиімді шешілуіне, тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға негізделген. Сондай-ақ, қылмыстық құқықтағы, жеңіл дәрежедегі қылмыстар бойынша жәбірленушілер мен айыпталғандардың ымыраға келуіне ықпал етеді. Бұл ретте медиаторлар дауға шешім шығармайды, тек бейтараптық бағыт ұстанып, келісімге келуіне әрекет етеді. Бірақ әзірге біздің елде кәсіби медиаторлар өте аз.

Кәсіби медиатор, әрі осы жобаның жетекшісі Айгүл Елібаеваның пікірінше, көпшілік медиацияның мәнін жете түсінбегендіктен, үйреншікті әдетпен сотқа жүгініп жатады. Ал, дамыған елдерде халықтың 90 пайызы дау-дамайды шешу үшін медиаторға жүгінеді.

Жоба аясында ОҚО халқына сенім телефоны жұмыс жасайды. ОҚО тұрғындарына заңдық кеңес беру ТЕГІН.

193 рет қаралды

Пікір жазу