"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«MADE IN ONTUSTIK» – БРЕНДТІК ӨНІМДЕР

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:40

 

Бар халық «Made in Chinа» деп аталатын дүниелерді әр қадамнан кездестіретін еді. Енді, Қазақстандықтар «Made in Ontustik» деп аталатын тауарларды қалай табуға болатынын біледі. ОҚО Атамекен кәсіпкерлер палатасы «Оңтүстік өнімдері» деп аталатын ақпараттық кітапша шығарды.

Бұл каталогта  өңірімізде тамақ, фармацевтика, машина жасау, химия, құрылыс өнеркәсіптерімен айналысатын, ең ірі 250 компания туралы қысқа да нұсқа маңызды мәлімет берілген. Яғни, кәсіпорынның мекен-жайы, байланыс телефондары мен электронды почтасы,  шығаратын өнім түрлері және т.б. қажетті ақпараттар бар.

Асқар Абубакиров, ОҚО кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бұрын соңды барлық кәсіпорындар туралы толық ақпарат бір жерге жиналмаған. Толықтай біздің өңірімізде шығарылып жатқан кәсіпорындарды біріктірмеген. Сол себептен, біздің мақсатымыз орындалды деп есептейміз. Бұл бастамасы. Енді әрі қарай осы каталогты жеткізетін боламыз, оны қалай пайдалану керектігін үйрететін боламыз. Біздің мақсатымыз сол».

Әзірге кітапшаның 1000 данасы басылып шыққан. Дегенмен, алдағы уақытта оның санын көбейтіп, кітап дүкендері мен сауда орталықтарына қойылатын болады. Себебі, «халық өңірімізде қандай өнім жасалатынын және оны қалай таба алатынын білуі тиіс», - дейді кәсіпкерлер палатасының  директоры Асқар Абубакиров.

Отандық өнім – әрбір Қазақстандық тұтынуы тиіс тауар. Себебі, оның бағасы мен сапасы импортталған тауардан әлдеқайда қолайлы. Олар -  экологиялық таза, барлық сынамалардан өткен және ешқандай делдалсыз сатылымға шығарылған. Оны тұтыну арқылы сіз ел экономикасының өсуіне де үлесіңізді қосасыз. Демек, өз өнімімізді «брендке» айналдыру – өз қолымызда.

212 рет қаралды

Пікір жазу