"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ» ...

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:42

 

Оңтүстік Қазақстан облысында 23 мың жас кәсіпкер бар. Істің ебін тапқан азаматтарға қолдау көрсету үшін Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы биыл 108 семинар ұйымдастырып, 525 жасқа арнайы сертификат берген. Облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен өткен жиында осы және өзге де маңызды мәселелер талқыланды.

Облыс басшысы Бейбіт Бәкірұлы «Алтын қор» кадрлық резервінің жұмысын жандандыру үшін тиісті тапсырма берген болатын.  Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орнын үздік бітірген 70  түлек арнайы курстардан өткен. Олардың алғашқы легі мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрған. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбілдің айтуынша бірнеше түлек облыстық құрылыс басқармасында еңбек етуде. Биыл Жастар практикасы бағдарламасы бойынша тәжірибе жинауға ниетті жастардың да қатары артқан. Ал облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жастарды жұмыспен қамтуға баса назар аударудың қажеттілігін айтты. Айта кетейік, осы жылы студенттік құрылыс және Жасыл ел бойынша атқарылған жұмыстар ауқымды.

 

 

Облыста «Студенттік құрылыс жасақтарына» студенттерді еңбекке  тарту жұмыстары 2004 жылдан бері жүргізіліп келеді. Соңғы үш жылдағы жұмыстарды еске салсақ, 2013 жылы «Студенттік құрылыс  жасақтарында» 400 студент жұмыс істесе, 2014 жылы шараға 458, 2015 жылы 500 ізденуші қатысты.

Осы жылдары облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы, қалалық құрылыс бөлімі, студенттік құрылыс жасағы штабы өкілдері мен Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшыларымен болған келіссөз нәтижесінде студенттік құрылыс жасақтарымен бірқатар мердігер компаниялар жұмыс істеуге келісім алған. 2014 жылы құрылыс жасақтары Шымкент қаласында орналасқан «Нұрсәт» шағын ауданы мен «Тұлпар» көлінде еңбектенсе, 2015 жылы «Студенттік құрылыс отрядтары» аясында 500 студент «әкімшілік іскерлік орталығы» құрылысына қатысқан. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының мәліметінше биылғы жылы да облыс бойынша 500-ге жуық студент жастар облыс аумағындағы құрылыс компанияларына жұмысқа тартылған.

242 рет қаралды

Пікір жазу