"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«АЗИЯ БАЛАЛАРЫНАН» ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

Жексенбі, 04 Қыркүйек 2016 16:44

 

Әр төрт жыл сайын дүниежүзінің спортшы жастары «Азия балалары» спорт додасында бас қосады. Якутияда өткен байрақты бәсекеде Оңтүстік Қазақстаннан аттанған жерлестеріміз жүлдемен оралды. Олар спорттың бірнеше түрінен сайысқа түскен болатын.

Олимпиада  ойындары  секілді   төртжыл  сайын  бас  қосатын  спортшы  жастар  биыл     Якутияға  жиналды.  Бұл  жолы еліміздің  намысын  қорғауға облысымыздан  барған  ОҚО-тық №3  олимпиадалық  спорт  мектебінің  спортшылары  да  бар. Білікті  басшы  Дүйсенбай  Мергенбаев  жетекшілік  ететін  бұл   олимпиадалық  бағыттағы  спорт  мектебінен дзюдо  күресінен  сынға  түскен 44  келі  салмақтағы Балкүміс Қалдыбек  күміс  жүлдегер  атанып, көпшілікті  қуантты.  Боз  кілемде  самбо  күресінен   Қазақстан  ұлттық  құрамасының  атынан  жарыс  жолына  шыққан Нұрсұлтан  Дастанбеков  пен  қыздар  арасында  ел  намысын  қорғаған  38 келі  салмақтағы Сара  Құлым  қола  жүлдегер  атанды. Дүниежүзінің  ең  талантты спортшы  жастары  жиналған  жарысқа  жерлесіміз  Нұрсұлтан Дастанбеков  жоғары  дайындықпен  барыпты.

Сонымен  қатар,  биыл  алтыншы  рет «Азия  балалары»  халықаралық   ойындарында  еркін  күрестен бар  күш-жігерін  көрсеткен  оңтүстікқазақстандық  балуан  қыз Аяжан Маркашева  да  жүлдеге  қол  жеткізді. Якутия  жерінен  олжалы  оралған спортшы  ұл-қыздарды  облыстық №3  олимпиадалық  спорт  мектебінің  директоры Дүйсенбай  Мергенбаев  қабылдап,  арнайы  құрмет  көрсетті.

Алдарына  айқын  мақсат  қойған  спортшы  жастар  енді  төрт  жылдан  соң Моңғолияда  кезекті  халықаралық  жарыстың  жүлделерін  сарапқа  салады.

201 рет қаралды
Осы категориядағы басқа материалдар: « «ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ» ... ТҮЛКІБАСТА ЖАҢА ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ »

Пікір жазу