"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ҰЛТ САУЛЫҒЫ – ЕЛ САУЛЫҒЫ»

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 04:32

 

Айтылған сыннан нәтиже шықты деуге болады. ОҚО-ның Қазығұрт ауданындағы орталық емхана жұмысын жандандыруға кірісті. Мекеме басшылығы енді үш бірдей флюорография аппараты толықтай іске қосып, тұрғынарды ұзын-сонар кезексіз қабылдайды. Бұл құрылғылардың екеуі стационарлы болса, біреуі — жылжымалы. Емхана ұжымы науқастарды қабылдау кезінде кезек күтіп қалмауы үшін түрлі тәсілдерді қолданысқа енгізген.

 

 

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050 Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа жолдауында: «Денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесін ұзақмерзімдік жаңғырту аясында біз елдің барлық аумағында медициналық қызметтер сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, сондай-ақ, медицина мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуын бірыңғайландыруға тиіспіз», – деп мәлімдеді.  

Елбасы ұлт саулығы – табысты болашағымыздың негізі екенін атап айтып, бұл саладағы басты 6 басымдықты анықтап берді.

Соның ішінде бірінші басымдық – халықты сапалы және қолжетімді медициналық қызметтер көрсетумен қамтамасыз ету болса екінші басымдық – аурулар түрінің барынша кең спектрін диагностикалау және емдеумен қамтамасыз ету. Осыған сай, ауруларды диагностикалауда Қазақстанда скрининг (бейнені экранға шығарып тексеру) тәсілі сәтті қолданылуда. Бұл тәсіл әлеуметтік маңызы бар ауруларды ертерек анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Президентінің «Ұлт саулығы — ел саулығы» ұранын ұстанғандар Қазығұрттағы емханада енді бір емес, бақандай үш флюро аппаратын орнатты. Бұл науқандық әрекет емес. Мұғалімдер мен оқушылар мектепке баратын шақта кезексіз қабылдауға үлкен көмек болып отыр.

Бұдан бөлек, кезек күтудің күрделілігі де шешілген. Мәселен, Мәрия Сейітқұлова алдын ала жазылу арқылы дәрігерге көрінетін болған. Өйткені қазір емханада электронды жүйе мен екі бірдей телефон арқылы маманның қабылдауына келу жолы бар. Кейуана үшін бұл ыңғайлы да тиімді тәсіл.

Айта кету керек, қазір емхана маңынан қосымша құрылыс жоспарланып отыр. Бұл аудандағы халықтың өсіміне байланысты қолға алынатын ауқымды тірлік. Мамандар қосымша құрылыс пайдалануға берілген соң, бірқатар күрделіліктер толығымен артта қалады деп отыр. 

355 рет қаралды

Пікір жазу