"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ПАВЛОДАРДА ОҢТҮСТІКТІҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 15:36

 

Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша берілген Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында алғаш рет Павлодар облысында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен өткен жәрмеңке  болашақта өңірлер арасында  тиімді серіктестік орнатуға ықпалын тигізбек. Жәрмеңкеге облысымыздың 15-тен астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

Оңтүстікқазақстандық  дихандар көкөніс, бау-бақша мен жеміс жидек өнімдерін жәрмеңкеде нарықтағы бағадан 20-25 пайыз төмен бағада павлодарлық тұрғындарға саудалады. Диханшылардың айтуынша, қойылған  барлық ауыл шаруашылығы өнімдері санаулы сағаттарда сатылған. Бұл ең алдымен, ұсынылатын өнімнің сапасы мен тиімді бағасына байланысты. Жәрмеңкеде оңтүстіктен жеткізілген сапалы өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға дейін арзан бағада тұрғындарға ұсынылған.

Аталған жәрмеңке Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқын азық-түлікпен, соның ішінде, көкөніс және бақша өнімдерімен қамтамасыз етуде негізгі орталық  екенін тағы да дәлелдеді.

Облыста ағымдағы жылы 850 мың тонна көкөніс, 1200 мың тонна бақша өнімдері, 85 мың тонна жеміс-жидек, 58,0 мың тонна жүзім өндіру жоспарлануда. Бұл облыс халқының қажеттілігіне көкөністен 2 есеге, бақшадан  6 есеге, жеміс-жидектен, жүзімнен 3 есеге артық.

Оңтүстік Қазақстан облыс тұрғындарының қажеттілігінен артық өнімдер еліміздің солтүстік өңірлері мен ТМД елдеріне, сонымен қатар алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарылуда.

Жалпы Оңтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласы бойынша қабылданған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруда елеулі жұмыстар атқарылуда.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

207 рет қаралды

Пікір жазу