"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТЕОЛОГТАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІ АРТТЫРЫЛСА

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 15:59

 

Шымкентте Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен ақпараттық топ мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған семинар-тренинг болып өтті. Шараға Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті дінтану кафедрасының оқытушысы Кеңшілік Тышхан арнайы қатысып, «Жат ағымдардан сақтанудың жолдары» тақырыбында баяндама жасады.

Жаңа технологиялар колледжінде өткен семинар-тренингке  облыстық, қала, аудандық ақпараттық түсіндіру топтарының мүшелері, қоғам қайраткерлері және үкіметтік емес ұйымдардың  басшылары  қатысты.  Жиында дәстүрлі емес жат діни  ағымдардан  сақтанудың  жолдары  сөз  болды.    

Дінтанушылар   алдында сөз сөйлеген  Кеңшілік Тышхан  экстремистік  ұйымдардың   жетегіне еріп кетіп жатқан азаматтардың дені  ұлттық салт –дәстүрге сусындамаған, орыстілді ортада өскен  азаматтар екенін айтады. «Сондықтан  жастармен тікелей жұмыс істейтін теолог бес  аспап,  жан - жақты  білімдар маман   болуы кажет,  -  дейді.  Айта кетейік,   семинар-тренингке  қатысқан  ақпараттық -түсіндіру тобының  70-ке  жуық  мүшесі   арнайы  сертификатқа ие болды. 

Мәди Бесбаев, Облыстық дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ-нің директоры міндетін атқарушы
Бізде мамандар жетіспеушілік мәселесі болып жатыр. Осы мәселені шешу үшін облыс әкімдігі тарапынан Шымкент  медресе  колледжі және Сарыағаш медресесіне мемлекеттік тапсырыс негізінде қаражат бөлініп, мамандар дайындау қолға алынып жатыр.  Ол мешіт имамдарына қатысты.

205 рет қаралды

Пікір жазу