14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«БІЗДІҢ ДЕ ОҚЫҒЫМЫЗ КЕЛЕДІ!»...

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 16:01

 

«Біздің де оқығымыз келеді!». Нақ осындай атаумен Шымкентте қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Ерекше оқытуды қажет ететін балаларға арналған шараға «Медведь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен облыстық орыс драма театрының мүшелері мұрындық болған. Акция аясында балғындар үшін дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.

Бүгінгі шараға алғашқы қоңырау үнін ести алмаған 50-ден астам бала шақырту алды. Олардың біразы ДАУН синдромына шалдықса, қалғаны - сал ауруының салдарынан қоларбаға таңылғандар. Акция кезінде олар мектеп партасына отырып, қалам-қағаз ұстамаса да, түрлі тәттіден ауыз тиіп, шаттанды. «Біздің де оқығымыз келеді»,- деп, алаң көңіл ата-анасымен ұран тастады.  Концерттік бағдарламаның куәсі болды.

Надежда Федорова, ұйымдастырушы: «Қазіргі таңда мұндай балаларға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалған. Тек қана олар қоғамнан алшақтап жатыр. Өйткені, осындай ортаға аз шығады. Біз бүгін осы олқылықтың алдын алу үшін арнайы акция ұйымдастырып отырмыз».

Даяна ДАУН синдромына шалдыққан. Бірақ, әріп танып, ән айта алады. Қағылез қыздың өз құрбылары сияқты жай мектепте оқып, білім алуына қабілеті жетеді. Бірақ қоғам жатсынады. Перзенті үшін ет жүрегі езілген ана осыны айтып, жабығады.

Елена Сапарбаева, ата-ана: «Менің қызыммен осы уақытқа дейін әлеуметтік қызметкерлер жұмыс жүргізді. Ойын дамытатын түрлі жаттығулар жасады. Биылдан бастап, ол мүмкіндіктен де қағылдық. Мұндай әлеуметтік көмектер Үкімет шешімімен енді көрсетілмейді. Тек осындай акциялар арқасында ғана жанымызды жұбатамыз. Ұйымдастырушыларға рахмет!»

ДАУН синдромына шалдыққан балалар оқып білуге құштар-ақ. Тек қоғамнан қолдау қажет. Акция қолдаушылары көбейсе, Қазақстан расында да кедергісіз аймаққа айналмақ.

279 рет қаралды

Пікір жазу