"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ДЕНІ САУ ҰЛТ – ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ» МАРАФОНЫ

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 16:04

 

Қазақстан Премьер-Министрі, Қазақстан Президенті әкімшілігінің басшысы жəне бірқатар үкімет мүшелері бастаған қайырымдылық мақсаттағы ірі халықаралық марафон эстафетасын Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары да жалғады.

Демалыс күні Шымкентте тағылымды шара өткізілді. Қалалық әкімдіктің ұйымдастыруымен жалпыхалықтық марафон болып өтті. «Дені сау ұлт — тәуелсіздік тірегі» деп аталған жарыс Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.

Салауатты өмір салтын ту еткен  оңтүстік қазақстандықтар «Дені сау ұлт-тәуелсіздік тұғыры» деген ұранмен бұл жолы 5 шақырым жерді жүгіріп өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін қайырымдылық марафонына 2 мыңнан астам қала тұрғыны мен жергілікті билік өкілдері, мыңдаған жас қатысты.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған  спорттық шара соңында марафоннның мәре сызығын алғаш кескен жеңімпаздар марапатталды.  Салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамыту мақсатындағы игі бастама оңтүстік өңірінде ұдайы ұйымдастырылатын болады. Өйткені, дені сау ұрпақ қана ұлт құндылықтарын жоғары ұстап, тұғырды бекем ете алады.

Қосымша айта кетер болсақ, Астана марафоны 2009 жылдан бері өткізіліп келе жатқан ауқымды шаралардың бірі. Қатысушылар 10 км, 21,1 км және 42,2 км жүгіреді. Осындай «жазық» маршруттың арқасында атлеттер өздерінің жеке рекордтарын жаңатуға мүмкіндік алады. Ең бастысы ұлт саулығы басты мақсат болып табылады.

246 рет қаралды

Пікір жазу