"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ДӘНДІ ДАҚЫЛ КӨРСЕТКІШІ ЖОҒАРЫ

Дүйсенбі, 05 Қыркүйек 2016 16:32

 

Өңірдегі Ұлт жоспары «100 нақты қадам» аясында атқарылып жатқан жұмыстары туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұралиев Абдалы Тоқбергенұлы баяндады. Брифинг барысында Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылық өнімдері жайлы облыс басшысының орынбасары толық ақпарат берді.

- 2016 жылы облыстың ауыл шаруашылығын саласын қолдауға барлығы 8,2 млрд. теңге субсидия қаралса, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,1 млрд. теңге,  жергілікті бюджеттен - 5,1 млрд. теңге бөлінді. Үстіміздегі жылдың 7 айында ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі — 64,6 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі — 102,3% құраса, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі — 10,8 млрд. теңгені (НКИ — 106,4), мал шаруашылығы — 53,5 млрд. теңгені (НКИ — 101,5%) құрады.

Биылғы жылы егілген ауылшаруашылығы дақылдарының  алқабы 594,1 мың гектарды немесе 100,6% құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 5,5 мың гектарға артып отыр.

Оның ішінде: 100,4 мың гектарға күздік бидай (102,2%), 147,5 мың гектарға масақты жаздық дақылдар (104,3%), 25,8 мың гектарға көп жылдық шөп (109,8%),26,3 мың гектарға көкөніс (100,8%), 10,5 мың гектарға бақша дақылдары (101,6%), 8,7 мың гектарға картоп (101,9%) және 5,6 мың гектарға қант қызылшасы егілді.

Сонымен қатар бүгінгі күні егін орағы аяқталып, 251 мың гектар масақты дәнді дақыл жиналды. Әр гектардан алынған орташа өнім 23,6 центнерді  құрап, 591,6 мың тонна астық бастырылды. Ауа райының қолайлы болуынан биылғы жылғы масақты дәнді дақылдардан жиналған өнім Тәуелсіздік жылдарындағы жоғары көрсеткіш болып отыр - деп  спикер биылғы өнім көлемі туралы хабарлады.

Айта кетерлік жайт, қазіргі уақытта жүгері, көкөніс және бақша дақылдары, майлы дақылдар  мен басқа да дақылдарды жинау жұмыстары жүргізілуде.

- Біз соңғы жылдары қант қызылшасын өндіруді мықтап қолға алдық. Оған үстіміздегі жылы облыстық бюджеттен 420 млн. теңге бөлінді. Оның 220,0 млн. теңгесіне қант қызылшасы дақылына қажетті тұқым (Франциядан «Авантаж» сорты сатып алдынды) сатып алынса, 200,0 млн мың теңгесіне қант қызылшасы дақылының агротехникалық іс-шараларын атқаратын ауыл шаруашылығы техникалары алынды. Биыл қант зауыттарына 100 мың тоннаға дейін тәтті түбір өткізуді жоспарлап отырмыз - деп мәлімдеді спикер.  

Облыста сиымдылығы 19,0 мың тоннаны құрайтын 26 көкөніс сақтау қоймалары бар. Бұдан бөлек Шу ауданында сиымдылығы 5 мың тоннаны құрайтын көкөініс сақтау қоймасының құрылысы жалғасуда. Сондай-ақ, көкөніс дақылдарын қайта өңдейтін кәсіпорындардың құрылысына инвесторлар тартылуда.Сонымен қатар, жеміс және көкөніс дақылдарының өнімін арттыру мақсатында  Шу ауданында көкөніс кластерін құру жұмыстары жүргізілуде.

Егістікті сумен және су үнемдеу технологияларын енгізуді қамтамасыз ету мақсатында 76,1 млн. теңгеге 25,56 шақырым жерге электр желілері тартылды. Нәтижесінде 2300 гектар егістік жердің 1205 гектарына көкөніс, 990 гектарға бақша, 105 гектарға мал азығы дақылдары орналастырылды. Биылғы жылы электр жүйелерінің жобалық сметалық құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен қосымша 20,0 млн. теңге бөлінді.

Облыста үдемелі бағын (интенсивті бақ) отырғызу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні аталған бақтың жалпы аумағы 240 гектарды құрайды. Аймақты дамыту бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін үдемелі бақты (интенсивті бақ) 1600 гектарға жеткізу жоспарлануда - деп хабарлады А.Т.Нұралиев.

Сонымен қатар бүгінгі брифингте, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары ағымдағы жылы облыста 11,9 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді деп мәлімдеді.

- Бүгінгі күні облыста жалпы аумағы 24 гектарды құрайтын 28 жылыжай жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 23 фермерлік жылыжайлардың аумағы 17,7 гектарды құраса, 4 өнеркәсіптік жылыжай 5,5 гектар алқапқа орналасқан.

- Биылғы жылы Қордай ауданындағы «Грин Вилл» ЖШС қосымша 2 га алқапқа өнеркәсіптік жылыжай салуды бастады.

Облыста жылдан жылға азайып бара жатқан ағын суға байланысты су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 11,9 мың гектарға тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді. Аталған мәселе шаруа қожалықтар арасында  қолдау тауып, келесі жылы озық технологияны 15,0 мың гектарға жеткізу жоспарлануда. Ал, ылғалресурс сақтау технологиясы 26,3 мың гектарға енгізілді - деді спикер өткен брифинг барысында.
Жамбыл облыслысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің егістік жерлерін үздіксіз сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Қазақстанның су ресурстарын басқару жөніндегі бағдарлама бойынша 12,5 млрд. теңгеге сиымдылығы 99 млн.м3 құрайтын 4 шағын су қоймаларын  (Қордай ауданында Ргайты, Қалғұты, Меркі ауданында Аспара және  в Талас ауданында Ақмола)  жобалауға және салуға, сондай-ақ, 2,7 млрд. теңгеге апатты жағдайдағы Қарақоңыз, Тасөткел және Ынталы су қомаларын жөндеу туралы ұсыныс берілді - деп мәлімдеді А.Т.Нұралиев.

Бүгінгі брифинг барысында Абдалы Тоқбергенұлы облыста жыл сайынғы мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал басы артуда деп хабарлады.  

- Облыста 2012 жылдан бері 20 мың басқа арналған 24 мал бордақылау алаңы құрылып, жұмыс істеуде. Оның ішінде 4 мал бордақылау алаңы 3 мың басқа арналған. Үстіміздегі жылы аталған бордақылау алаңдарынан жоғары сапалы 369,0 мың тонна сиыр еті экспортталды. Ет және ет өнімдерінің толық өндірістік циклі бар ет кластерін қалыптастыру мақсатында Жамбыл ауданында «Оңтүстік халал тағамдары» ЖШС ет өңдеу кәсіпорынының жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2012-20105 жылдары асыл тұқымды МІҚ малының сапасын арттыру мақсатында облыстың шаруалары шет елден 4100 бас асыл тұқымды мал әкелді және 7 асыл тұқымды шаруашылық-репредуктор құрылды. Соңғы жылдары бұл шаруашылықтарда тұрғындар мен тауарлы шаруашылықтарға 1 мың бас асыл тұқымды бұзау өткерілді. 

- Өңірде МІҚ малын асылдандырумен 622 шаруашылық айналысады. Мұнда мал тұқымын түрлендіруге 49 602 аналық бас түседі. Жалпы падада мал тұқымын түрлендіруге түсетін асыл тұқымды аналық бас 29,8% (республикалық көрсеткіш 27,1%) қамтылған - деді А.Т.Нұралиев. 

Сонымен қатар, жыл сайын асыл тұқымды малдың үлесі артуда. Мысалы, облыста асыл тұқымды МІҚ малының жалпы пададағы үлес салмағы - 21,8% (республикалық көрсеткіш - 9,7%), қой - 28,4% (республикалық көрсеткіш – 17,0%), жылқы - 24,2% (республикалық көрсеткіш – 7,1%), құрайды.
«Сыбаға», «Алтын Асық» және «Құлан» бағдарламалары сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, 2011 жылдан бері 23 400 бас МІҚ малының аналық басы әкелінсе, 2014 жылдан іске асырыла бастаған «Алтын Асық» бағдарламасы арқылы 64 300 бас қой және «Құлан» бағдарламасы аясында 4 500 бас жылқы сатып алынды -деп мәлімдеді спикер.

- Бұдан бөлек жайылымдарды суландыру бағдарламасы қарқынды жүргізіліп, соңғы екі жылда 60 құдық және ұңғыма пайдалануға берілді.
2016 жылдың 7 айында облыстағы МІҚ малының саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3,4% артып, 358,4 мың басты құрады.Сол сияқты қой мен ешкі саны 3,9% артып, 3,0 млн. басқа жетсе, жылқы -  4,7% (117 633 бас), түйе - 3,1% (6282 бас) артты - деп баяндады А.Т.Нұралиев.

Жыл сайын негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артып келеді. 2012 жылмен салыстырғанда ет өндіру - 19,2%, сүт өндіру - 8% артты.

2014-2015 жылдары облыста 32 сүт-тауарлы фермасы пайдалануға берілсе, оның ішінде 12 ферма «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының бойында орналасқан. Ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша 7 шағын сүт-тауарлы фермасының құрылысы жүргізілуде.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде соңғы үш жылда қайта өңделген сүттің үлесі 32%-дан 51%-ға артты.
- Ағымдағы жылы «Нұр отан» партиясының бастамасымен «Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту арқылы жеке қосалқы шаруашылықтар әлеуетін пайдаланып, агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс көлемдерін арттыру және Жамбыл облысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» іс-шаралары аясында 1,5 млрд. тенге қаржы бөлінді - деп мәлімдеді спикер брифинг барысында.

Бүгінгі күні облысымызда сүтті тереңдете өңдеумен айналысатын 20 кәсіпорын жұмыс атқаруда. Осы қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімі 38% құрайды. Осы орайда, жыл соңына дейін облыста шағын жанұялық типтегі 61 сүт-тауарлы фермалары ұйымдастырылып қайта өңдеуші кәсіпорындардың жүктелімін 61 пайызға жеткізу жоспарланған - деп хабарлады спикер.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған бағдарлама аясында 182 жанұялық типтегі шағын бордақылау алаңдары және 11 сүт қабылдау пункттерінің құрылысы қолға алынуда. Осы шараларды іске асыру арқылы 510 жаңа жұмыс орыны ұйымдастырылады.

Жалпы ауыл шаруашылығы саласында 2015 жылы 18,6 млрд. теңгені құрайтын 155 инвестициялық жоба іске асырылып, 765 жаңа жұмыс орындары ашылса, үстіміздегі жылы 17 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 700 жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда - деді облыс әкімі орынбасары. Сонымен қатар  брифингте ол - облыста «100 нақты қадам» бағдарламасының 60 қадамын іске асыру және сүт кластерін дамыту сондай-ақ, кооперативтерге шағын шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша Меркі ауданында құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды.

Алдағы уақытта Өндірістік кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.

Бұл мақсатта сүт бағытындағы 1000 бас асыл тұқымды МІҚ малын астып алуды қаржыландыратын шағын несие мекемесі  құрылды.

Қазіргі уақытта күніне қуаттылығы 50 тоннаға дейін сүтті қайта өңдеу зауытының құрылысына жер бөлініп, жобалық сметалық құжатын дайындау жұмыстары жүргізілуде - деп хабардар етті. 


Ал, 61-ші қадам (ет өндіріс мен өңдеуді дамыту) бойынша 5 ірі инвестициялық жоба іске асырылуда.  Мысалы,  

1. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіру. Жоба «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен «ADEAS Development» компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылуда. Жобаның құны 3 млрд.теңге. Бұл жобаның толық іске қосылуы ағымдағы жылдың шілде айына жоспарлануда.

2. Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бордақылау кешенінің құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 га жер телімі жалға берілді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдан басталуы жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 10 млн. АҚШ. долл. Бүгінгі күнге 5500 ұсақ мал басына және 200 бас жылқыға арналған жалпы құны 100 млн.теңге құрайтын бордақылау кешендерін және Канада елінің технологиялық үлгісімен жасалған 18 дана малшы үйімен 18 дана арнайы қашарлар соғылып, іске қосылды.

3. «Агро фирма Турікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бордақылау кешені және 5 мың бас мүйізді ірі-қара мал шаруашылық репродуктор жобасының құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаның құны 500 млн. теңге. Осы жобаны іске асыру мақсатында 3 мың бас қара малы және 1560 бас жылқы сатып алынды.

323 рет қаралды

Пікір жазу