"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМҚАЛА ЖОЛЫ ҰЗАРДЫ

Сейсенбі, 06 Қыркүйек 2016 16:33

 

Шымкенттегі жол ұзындығы 500 шақырымға артты.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласы қала тұрғындары үшін ең маңызды саланың бірі болып табылады.

Сол себепті, коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша аталған салаларға  биылғы жылы 6,5 млрд тг жуық қаржы бөлінді. Бұл дегеніміз өткен жылғымен салыстырғанда 1,2 млрд теңгеге өскен. Ал, 2015 жылға қарағанда 13,3 млрд теңгеге артық.

Осылайша көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша өткен жылмен салыстырғанда бөлінген қаржының көлемі шамамен 6 млрд тг өскен.

Осыған байланысты қалаішілік жолдардың жалпы ұзындығы 2810 км және 2331 км дейін өсті.

Айта кетерлігі, қазіргі таңда қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес "Таза қала", "Таза аула" құру үшін шаһардағы тұрғын үй аулаларында жаңа қоқыс сандықтарын орнату әрі жаңарту құрылысы бойынша жұмыс істелінуде.Мұнан бөлек, 2016 жылы жергілікті бюджет есебінен шаһардағы 21 көше мен 6 саябақ және 30 шақты аллея мен аяқжолдарға түнгі шамдар қойылып, жарықтандырылған. Жалпы, осы жұмыстарға 30 мыңға жуық жарық шырақтары орнатылған. Айта кету керек, осы жылдың қазан айына дейін Шымкенттегі 24 көше мен 689 ауласы толыққанды жарықтандырылып, 4 көшені қайта құру жұмыстары жүргізілетін болады. Бұл қажеттіліктер үшін жергілікті қазынадан 455,7 млн теңге қаржы бөлінген.

Әсіресе, шаһардағы жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге арналған жолдардың құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Биыл қалалық бюджеттен аяқжолдар мен велосипед жолдарын салуға 353 млн теңге қаржы қаралған.

Қазіргі таңда шаһар әкімі Ғ. Әбдірахымовтың тапсырмасына сәйкес, көп қабатты үйлердің ауласында қоқыс алаңдарын салып, жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аулаларды абаттандыруға көңіл бөлінген осы жылдың соңына дейін 70-тен астам ауланы ретке келтіру көзделуде. Нәтижесінде, жолдар қайта реттеліп, аяқжолдар құрылысы жүргізілмек. Қоршаулар салынып, дүңгіршектер мен ойын алаңдары салынады. Бұл үшін қала қазынасы 1,1 млрд теңге қарастырып отыр. Айта кету керек, былтыр бұл жұмыстар үшін қаржы қаралмаған еді. Ал қаладағы көп қабатты үй аулалары соңғы рет 2014 жылы жөндеу көрген болатын.

316 рет қаралды

Пікір жазу