16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАСТАР САЯСАТЫ МЕМЛЕКЕТ НАЗАРЫНДА

Сәрсенбі, 07 Қыркүйек 2016 04:12

 

2016 жылғы 2 қыркүйек күні Шымкент қаласы, облыс әкімдігінің мәжіліс залында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібековтың төрағалығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Кеңестің мақсаты - облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы. Сонымен қатар облыс жастарының проблемаларын шешу жолдарының тиімді механизмдерін талқылап қана қоймай, нақты жүзеге асыру.

Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков, облыстық мәслихат депутаттары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат бөлім меңгерушілері, аудан, қала «Жастар ресурстық орталығының» директорлары, жастар ұйымдары, БАҚ өкілдері, түрлі салалардағы жұмысшы жастар мен облысымыздың белсенді жастары қатысты.

Кеңес барысында идеология бойынша аудан, қала әкім орынбасарларының мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы бойынша есептері тыңдалды. Сонымен қатар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл «Облыстағы мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы» туралы және аудан, қала әкімдіктер жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестердің жұмысы туралы баяндамасы тыңдалып, жастар тарапынан қордаланып жүрген мәселелер мен жастардың көкейлерінде жүрген сауалдар қойылды.

Сондай-ақ, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың тиімді тәсілдерін нығайту мақсатында кеңес мүшелерінен ұсыныстар айтылды. 

 

 

Өткізілген кеңес отырысы және қойылған сұрақтар мен ұсыныстар бойынша арнайы хаттамалық тапсырма беріліп, облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков шешім шығарды.

Тәуелсіздіктің 25 жылдығында жастарымыздың барынша дамуына көптеген жағдайлар жасалынды.

Тәуелсіздік алғаннан бергі уақытта облыс жастарының саны 200 мыңға жуық өсті. (Слайд №1) Яғни 1991 жылы облысымыздағы 14-29 жастағы жастарымыз 502 мыңға жуық болса, 2016 жылы 767 963 жасқа жетті.

Бұл еліміздегі бірқатар облыс тұрғындарының жалпы санымен салыстырғанда әлдеқайда артық.

Жастар саясатының инфрақұрылымы

Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда маңызды орын алады. Соңғы он жылдықта олардың саны жеті еседен астам өсті.

Бұл бағытта облыс жастарымен тығыз қарым қатынас орнататын 56 жастар қоғамдық ұйымдары, 7 республикалық жастар ұйымдарының филиалдары жұмыс жасаса, 20 ұлттық мәдени орталықтардың жанынан жастар қанаты жұмыс жасайды.

Ал, 1991 жылы облыста бар болғаны 4 жоғары 39 кәсіптік-техникалық колледждер болса, бүгінгі таңға облыс бойынша 12 жоғары, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 150 мыңнан аса жастар сапалы білім алуда.

Осы 12 жоғары оқу орындарында жастар ісі комитеттері, өзін-өзі басқару жүйесі енгізілсе, 10 жылдық тәжірибесі бар М.Әуезов атындағы ОҚМУ жанынан құрылған «Достық» клубын барлық оқу орындарында ашу жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде 100-ден аса этнос өкілдері шоғырланған облысымыздың жастарына айтарлықтай өз үлесін қосары анық.

Сондай-ақ, 2016 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының гуманитарлық және педагогикалық мамандықтары бойынша «Жастар саясаты» оқу пәнінің бағдарламасы енгізілді.  

2011 жылдан бастап республикада алғашқы болып біздің облысымыздың барлық аудан, қалаларында «Жастар ресурстық орталығы» КММ құрылып, бүгінде онда 273 маман жастар саясатын жүзеге асырумен айналысуда.

Бұл мақсатта елімізде жастардың жан-жақты дамуы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсарту үшін арнайы жастарға арналған бағдарламалармен қатар, елде іске асырылып жатқан білім беруді, денсаулық сақтауды, тілдерді дамытудың, үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың ауқымды мемлекеттік бағдарламалары; «Болашақ» халықаралық стипендиясы, «Серпін – 2050», «Дипломмен ауылға», «Жастар практикасы»,

«Жұмыспен қамту – 2020», «Жасыл ел», «Студенттік құрылыс отрядтары», «Бизнестің жол картасы – 2020», «Қолжетімді баспана – 2020» салалық бағдарламалары жүзеге асырылып келеді.

1.Қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету
Сапалы білім беру жас ұрпақтың даму және қалыптасу процесінен ойдағыдай өтуінің аса маңызды шарттарының бірі.

Бұл бағытта жоғарыда айтылғандай облысымыздағы 12 жоғары оқу орындарында 67 мың, 90 кәсіптік-техникалық колледждерде 70 мыңнан аса білім алса, 1022 жалпы мектептерде 14-18 жас аралығындағы 163 682 мыңға жуық оқушы білім алуда.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті 1993 жылғы 5 қарашада талантты, дарынды жастарға шетелде білім алу үшін жәрдемдесу мақсатында «Болашақ» халықаралық стипендиясын құрды. Бүгінгі күнге дейін 1 мыңға жуық жастарымыз шет елде білім алып, еліміздің түрлі салаларында қажырлы еңбек етуде. Тек 2015 жылы біздің облыстан 6 жас шетелде білім алу грантына ие болса, жалпы шет елде білім алып жатқан жастар саны 68. «Болашақ» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп қазіргі таңда Оңтүстік  Қазақстан облысында түрлі мекемелерде 183 жас жұмыс жасап жатқан болса, оның ішінде 12-і мемлекеттік қызметтерде басшылық қызмет етуде.

Айта кететін жайт, «Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат қабылдау 2016 жылы 3 кезең бойынша (11 сәуір-13 мамыр, 13 маусым-29 шілде, 15 тамыз - 15 қыркүйек) жүргізілуде.

Сапалы білім беру жастардың басты «әлеуметтік лифтісі» болып табылады.

2.Серпін – «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» әлеуметтік жобасы. 

2014 жылы бастау алған әлеуметтік жоба бойынша соңғы 2 жыл ішінде Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 3805 жас аттанды. Бұл жұмыс биылда өз жалғасын табуда.

2015 жылы Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының жастары үшін бөлінген республикалық 5000 гранттың 2 580 біздің облыстың жастары иеленсе, 2016 жылға бөлінген 3162 грантқа 9 мыңға жуық жастарымыз өтініш білдіріп, бүгінгі таңда оқуға қабылданған жастар туралы мәліметтер жасақталуда.

3.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы.

2009 жылдың тамыз айынан бастау алған «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік, мәдениет, спорт және ветеринария салаларына орналастырылады. Осы жылдар арасында облысымыздың 4 226 жас маманына бағдарлама бойынша жолдама берілсе, 1 338 маман тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

2016 жылы республикалық бюджеттен 699 жас маманға жолдама берілу және тұрғын үй алу үшін 300 жас маманға несие қарастырылып отыр. Бүгінгі таңға 486 жасқа бір жолғы көтермелеу жәрдемақысы берілсе, 190 жасқа тұрғын үй алу үшін несие берілді.

4.Жастарды жұмыспен қамту үшін жағдай жасау

2011 жылдан бастау алған «Жастар практикасы» бағдарламасы да біздің облысымызда жоғары нәтиже көрсетуде. Атап айтар болсақ бүгінгі күнге дейін бағдарлама аясында 24 775 жас жұмысқа орналасса, оның ішінде 10 мыңға жуық жастарымыз тұрақты жұмысқа орналастырылды.

2016 жылдың 1 тамызына Жастар практикасын 4572 жас жұмыспен қамтылды (жылдық жоспардың 108,9 % құрайды)  (1 тамызға жоспар - 4200 адам).   

2015 жылдың қорытындысы бойынша жастардың жұмыссыздық деңгейі 3,8 пайызды құраса, 2016 жылдың бірінші жартыжылдығында жұмыссыз жастар саны 4,4 пайызды құраған.

5.Жастар арасында кәсіпкерлікті қолдау.

Оңтүстік Қазақстан облысында жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту және оларға қолдау көрсету мақсатында  2016 жыл басында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының «Кәсіпкерлік мектебімен» екі жақты жоспар бекітіліп жұмыстар атқарылуда. 2016 жылдың бірінші тоқсанында 23 460 жас кәсіпкер түрлі бағыт бойынша жұмыстар атқаруда.

Облыстық кәсіпкерлік мектебі мен жастар ресурстық орталықтары арасында екі жақты меморандумға қол қойылып, нәтижесінде аудан, қалаларда «Өркен старт-ап» жобасы аясында 108 кездесу ұйымдастырылып, 6 573 жас қатысса, 525 жас арнайы курстан өткізілді.

6. «Алтын қор» кадрлық резерві 

Жоғары оқу орындарын үздік бітіруші жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатында «Алтын қор» кадрлық резервіне 70 бітіруші түлектерге маусым айында облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді даярлау орталығында үш күндік семинар ұйымдастырылды. Сонымен қатар 17-19 маусым күндері Төлеби ауданы «Бастау» демалыс аймағында 3 күндік семинар ұйымдастырылып, облыс әкімі Б.Атамқұловпен кездесу ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасымен бірлесіп  2016 жылы заңгер мамандығы бойынша бітіруші түлектерге облыстық прокуратурада ашық есік күні ұйымдастырылып, жеке қабылдаулары болып өтті.

Бүгінгі таңға 10 «Алтын қор» кадрлық резервшілері жұмысқа орналасты. Оның ішінде 2 облыстық басқармаларға мемлекеттік қыметке орналасты.

7. «Студенттік құрылыс» және «Жасыл ел» еңбек жасақтары.

Студент жастарды жазғы мезгілде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір аудан, қалада «Студенттік құрылыс жасақтары» мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары жұмыстар атқаратын болады.

Соңғы 3 жылда қайтадан жанданған студенттік құрылыс жасақтарына 1358 жас тартылса, 2016 жылы 500 жас (оның ішінде М.Әуезов атындағы ОҚМУ – 360 студенті, аудан, қалалардағы құрылыс жұмыстарына – 140 жас) тартылды.  Олардың орташа еңбек жалақысы 55-60 мың теңге көлемінде (жұмыс көлеміне қарай).

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына 2004 жылдан бері  12 мыңнан аса жас жазғы еңбек маусымында жұмыс жасаса, 2016 жылы 1700 жасты тарту жоспарланып, бүгінгі таңға 8:00-ден аса жас тартылды. Олардың орташа еңбек жалақысы 35-40 мың теңге.

8. Жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту.
«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша тұрғын үй кезегінде 1910 жас тұрса, оның ішінде 813-і жас отбасы, ал 1097-сі жастар.

2015 жылы 318 жас  (оның ішінде 289-ы жас отбасылар, ал 29-ы жастар) тұрғын үймен қамтамасыз етілсе, оның ішінде 4-уі мүмкіндігі шектеулі жас.
2016 жылдың соңына дейін 226 жас отбасы баспанаға қол жеткізеді деп күтілуде.

9. Салауатты өмір салтын қалыптастыру

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру аясына денсаулық пен спорттың құндылығын насихаттау да кіреді. Өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілік қағидатының, зиянды әдеттерден бас тартудың, салауатты өмір салтын ұстанудың бұрынғыша маңыздылығы жоғары.

Бүгінгі күнге облысымызда 5 193 спорт нысандары (оның ішінде 4051- ауылдық жерлерде) халыққа қызмет көрсетуде.

Сонымен қатар жалпы білім беретін 1022 мектепте 743 спорт зал оқушыларға қызмет көрсетсе, оның ішінде 583 спорт залдары жергілікті тұрғындар үшін қолжетімді, яғни облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сабақтан тыс уақыттарда кешкі сағат 19:00-22:00 дейін ауыл жастарының спортпен шұғылдануына жағдайлар жасалынған.

Жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында «Street Workout» спорттық ойыны соңғы екі жылда белсенді жұмыс жасауда. Бүгінгі күні «Басқа жол» деген атаумен көше жастарының басын қосып салауатты өмір салтына жастарды кеңінен тартып жүрген бұл ұйым Шымкент қаласы мен жақын маңдағы ауылдардағы 2 мыңнан аса жастар спорт түрлерімен шұғылдануда. 

Осы мақсатта басқарма тарапынан жастар арасында көше спорттын дамыту және маргиналды жастарды осы спорт түріне тарту мақсатында арнайы «ШымкентФест» және «Street Workout» жобалары әзірленіп, ағымдағы жылғы қыркүйек айында өткізілуі жоспарлануда.

10. Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру.
Сыбайлас жемқорлық - қазіргі заманғы дамыған және дамушы мемлекеттердің төрінен орын алып келе жатқан кесел.

Сонымен қатар, облыстағы барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қысқы сессия мезгілінде «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Таза сессия» тақырыптарында тәлімгерлік сағаттар өткізілуде.

Осы күнге дейін аудан, қалаларда облыс бойынша 28 рейд жүргізіліп, 340 жасөспірімге Қазақстан Республикасы Заңдары аясында құқықтық көмек көрсетілді.

Облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 282 жасөспірім орналастырылды.

Жаңадан ашылған жергілікті полиция қызметкерлеріне көмекші ретінде Жас сақшы ерікті полиция көмекшілері құрылып, оған 500 жас тартылды. Олар арнайы киіммен, қажетті материалдық заттармен толықтай қамтылып, тамыз айында 5 өңір бойынша (Шымкент, Түркістан, Мақтарал, Сарыағаш, Сайрам аудандарында) арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қала аумағында орналасқан 15 аула клубында 14321 бала 23 түрлі үйірмелерге тартылған болса, білім беру мекемелеріндегі 1654 үйірмеге 56183 бала қамтылды.

11. Жастарға психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және консультациялық көмек беру орталығы ашылды.

Биылғы 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуротурасының ұсынысымен, Қазақстанда тұңғыш рет облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастарға психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және консультациялық көмек беру бөлімі ашылып, «Қиын жағдайда қалып қойған жасөспірімдерге тегін және орталықтандырылған телефон нөмірі» (Call-центр) іске қосылды.

Орталықтың жұмысы жөнінде арнайы бейнеролик әзірленіп, жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы арқылы көрсетілуде. Арнайы әзірленген 3000 дана ақпараттық плакат аудан, қалаларға таратылып, білім беру мекемелеріне, халық көп шоғырланатын орындарға, қоғамдық көліктерге ілінді.

Бүгінгі таңға Арыс, Бәйдібек, Мақтарал, Отырар, Сарыағаш, Созақ, Төлеби Шымкент қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-да психолог штаты бар.

Қалған аудандарда психолог маманға штат берілмеген, орталықтың әдіскерлеріне қосымша жүктелген.
Ағымдағы жылғы шілде-тамыз айларында Сарыағаш ауданында 34 жастар мен жасөспірімдерге тәжірибелі психолог маманның көмегі көрсетілсе, 26 жасқа психологиялық терапиялық көмек көрсетілді.

Жыл басынан бері 10 ЖОО-да 33, колледждерде – 24, мектептерде – 38 рет арнайы мамандармен кездесу өткізілді.

12. Ерікті жастарды ұйымдастыру.
2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмеге еліміздің барлық аймақтарынан еріктілер жинақталуда. Осыған орай, аталған көрмеге облысымызда үш тілді меңгерген (қазақша, орысша, шет ел ағылшын тілі) 100 іріктілген еріктілердің тізім жинақталып, оқыту әдістемесі әзірленуде.

Күні кеше Моңғолия Республикасының Баян-Өлгей аймағында орын алған табиғат апатынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында облыс жастары Үндеу жариялап, көмекке мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстары ұйымдастырылды.

Бәйдібек, Созақ, Ордабасы аудандары мен Кентау, Шымкент қалаларында «Жастар сарайы» ғимараттары жастарға қызмет көрсетуде.     

Түркістан қаласы мен Мақтарал, Түлкібас, Төлеби, Сайрам, Шардара аудандарындағы ауыл округтерінде жастармен жұмыс жүргізетін мамандарға штат бөлуді, себебі ауыл әкімдерінің бекіткен функционалдық міндеттерінде жастармен, ветеринар, салық инспекторы, әскери есеп, әлеуметтік сала, коммуналдық қызмет салалалары мамандарына жүктелген және мамандардың басым бөлігі орта жастан асып кеткен.

1. «Мәңгілік ел жастары - индустрияға» Серпін – 2050 әлеуметтік жобасын бітіруші мектеп оқушылары арасында түсіндіру жұмыстарын қыркүйек айынан мамыр айына дейін жүргізу үшін тиісті жұмыс жоспарларын әзірлеу.  

2. Барлық аудан, қалаларда, ауылдық округтерде  жергілікті полиция қызметкерлеріне көмекші ретінде  «Жас сақшы» ерікті полиция көмекшілерін құрып тиісті жұмыстарды жүргізу. 

3. «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де жастарға психологиялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру және консультациялық көмек беру жөніндегі маман қарастыру немесе қосымша жүктеу.  

4. 2017 жылы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» Халықаралық көрмесіне келуші туристтерге жергілікті жерлерде қызмет көрсету үш тілді меңгерген (қазақша, орысша, шет ел ағылшын тілі) еріктілер тізімін жинақтап дайындық жұмыстарын жүргізу.

5. Жастар арасында көше спортын дамыту мақсатында «Street Workout» спорттық ойынын дамытуға инфрақұрылымы үшін тиісті аудан, қала деңгейіндегі барлық елді мекендерді қамтитын арнайы жоспар әзірлеп, жергілікті бюджеттен  қарастыру және демеушілерді тарту жұмыстарын жүргізу.

6. Аудан, қала әкімдіктері жанындағы тұрғын үй комиссияларының құрамына Жастар ресурстық орталықтарының  басшыларын енгізу.

7. Студент және жұмыссыз жастарды жазғы мезгілде бос уақыттарын тиімді пайдалану үшін әрбір аудан, қалада  «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыстарын жандандыру, оларды көгалдандыру жұмыстарымен қамту мақсатында  жергілікті көгалдандыру мекемелеріне бюджеттен қаржы қарастыруды ескеру.  

8. Аудан, қала аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандарға жергілікті жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыруды қадағалауды күшейту.

9. Жазғы мезгілде студенттік құрылыс жасақтарын құру және оларды тиісті жұмыспен қамтуды ұйымтастыру.

10. Аудан, қала әкімдіктері жанындағы жастар ісі  жөніндегі кеңестердің жұмыс сапасын көтеру, кеңесте қаралатын мәселелердің маңыздылығын ескеру, кеңес құрамын қайта қарап, кемінде 30 пайызын жастар өкілдерін енгізу.

11. Аудан, қала әкімдері тарапынан жұмысшы қажеттілігі бойынша сұратылған мамандықтар бойынша жоғары және арнаулы орта оқу орындарын бітірген жергілікті жастардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізу.

12. Әрбір елді мекен жастарына мемлекеттік бағдарламаларды, оның ішінде кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы мемлекеттік қолдауларды жастар арасында кеңінен насихаттау жұмыстарын атқару.

13. Отырар ауданы мен Кентау қаласының ауылдық округтерінде құрылған жастар ісі кеңесін барлық аудан, қалалардағы ауыл округтерінде құру.

14. Ауыл округтері әкімдері жанынан қоғамдық негіздегі жастар ісі жөніндегі кеңесшінің болуын ұйымдастыру.  

15. Аудан, қала әкімдері 2017 жылғы бюджеттік өтінімдерді қарастыру кезінде жергілікті деңгейдегі жастар саясаты мәселелеріне бөлінетін қаржы көлемін Шымкент қаласы мен Созақ ауданымен салыстыра отырып қарастыру.

16.  Барлық аудан, қалалардағы кеңестерде маргиналды жастармен жұмыс жүргізу мәселелірі қарастырылып, тиісті жоспарлар қайта қарастыру.

17. Сайрам, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Мақтарал, Шардара, Отырар аудандары мен  Арыс, Түркістан қалаларында «Жастар сарайы» ғимараттарын қарастыру.   

18. Аудан, қалалық деңгейде «Жастар қоғамдық ұйымдарына» қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеп, оларды жүзеге асыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастыру.

19. Түркістан, Кентау, Қазығұрт, Шардара, Түлкібас, Сайрам, Ордабасы аудандарында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-да психолог штатын ашуды қарастыру.

1083 рет қаралды

Пікір жазу