"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО –ДА 470 МЫҢ ТОННА МАСАҚТЫ ДӘНДІ ДАҚЫЛ ЖИНАЛДЫ

Сәрсенбі, 07 Қыркүйек 2016 05:01

 

Оңтүстік Қазақстан облысында жазғы дәнді дақылдарды жинау жұмыстары толығымен  аяқталды. Биыл облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді. 

Оңтүстіктің шаруалары 214,4 мың га жерге егілген масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан 22 центнерден, барлығы 470 мың тонна өнім жинады. Бұл Қазақстанның егемендік алған жылдардан бергі өңір дихандарының жеткен жетістігі деп білеміз.

Мәселен,  Қазығұртта 42 мың га жерге егілген астықтан гектарына 26,5 цт, Төле би ауданы  20,6 мың га астықтың әр гектарынан 26 центнерден өнім алса, Түлкібастық шаруалар 24,8 мың га алқаптан 25,2 центнерден өнім алған.

Сонымен қатар, облыста дәндік жүгеріні ору науқаны басталып, 40,1 мың гектар жерге егілген жүгерінің бүгінде 3,3 мың га орылды. Оның гектарынан 42,4 цент, барлығы 13,8 мың тонна өнім жиналды. Ал 74 мың гектар жерге егілген мақсарының бүгінде 28,7 мың га орылып, одан 20,1 мың тонна өнім жиналып отыр. Алдын-ала есеп бойынша диқандар әр гектарынан 7 центнерден жалпы 52 мың тонна өнім жинауды жоспарлауда.

Жалпы алғанда облыста осы жылы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. 

 

 

Жалпы Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингімен 100,6 млрд теңге бағытталатынын атап өту қажет. Бұл көлем холдингтің егістікті және жинау науқандарын қаржыландыруының өткен жылғы деңгейінен 16%-ға артық.

 

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

229 рет қаралды

Пікір жазу