"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА ШЕТЕЛДІКТЕР ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ТУРЛАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУДА

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 07:06

 

«ЭКСПО – 2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық және оны өткізу аясында, шетелдік туристік компаниялардың өкілдеріне Қазақстан Республикасының туристік потенциалы және «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесімен таныстыру мақсатында бірнеше ақпараттық турлар өткізіледі.

Осыған орай, кеше 6 қыркүйек күні Оңтүстік Қазақстан облысына Италия, Ресей және Әзірбайжанның «Alessandro Rosso Group», «Туры и билеты», «Капитал Тур», «РАЙ», «Millennium Tourism», «Росс Тур», «АС-Лайнер» SUNMAR и АСС ТРЕВЕЛ секілді 8 туристік компаниясы келді.

«Ontustik Tourism Center» Туристік Ақпараттық Орталығы қатысушылар үшін мазмұнды ақпараттық тур бағдарын дайындады, осыған сәйкес қонақтар Оңтүстік Қазақстан облысының туризміндегі барлық бағыттары бойынша әлеуетімен таныса алады. Бағдарға сәйкес, ақпараттық турдың қатысушылары маңызды мәдени – тарихи орындарын, тау курорттары, демалыс орындары мен емдеу-сауықтыру шипажайларын көріп, қонақ үй және мейрамханалық қызмет көрсету деңгейімен танысады.

Ақпараттық турдың қорытындысы бойынша, баспасөз мәслихаты өтеді. Сондай-ақ, жергілікті туроператорлармен кездесу ұйымдастырылады.

Аталған іс – шараны өткізу екіжақты қарым-қатынастардың жақсаруын жеңілдетеді және «Астана ЭКСПО – 2017» көрмесінде тур пакеттерді сату үшін қазақстандық және шетелдік туристік компанияларының арасындағы келісімдерге қол қоюға ықпал етеді.

Ендеше мұндай турлардың халықаралық көрмеге қосар үлесі де зор болмақ.

302 рет қаралды

Пікір жазу