16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ ІРІ АРТ ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ АЯҚТАЛДЫ

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 07:15

 

Шымкенттік суретшілер мен «Repas» өнер тобы қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың бастамасымен қолға алынған республикадағы ең ірі өнер жобасының жұмысын аяқтады.

Аталған жоба аясында Арғынбеков көшесіндегі бес ғимарат қабырғасына көркем картина салынды. Шаһар аумағын көркем көрініспен безендірген суреттің тақырыбы - «Жібек жолының керуендері».

Шымқаладағы көпқабатты үйлерге ұлттық нақыштағы суреттер өте әдемі. Бұрын соңды болмаған жобаны алматылық «Репас» шеберханасы жүзеге асыруда. Қылқалам шеберлерінің айтуынша, бастаманы орындауға Шымкент қаласының әкімдігі ұсыныс білдірген. Қазақ халқының салт- дәстүрінен сыр шертетін суреттер Нұрсат мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлердің қабырғасына да салынған. Әзірге өнер иелері 4 үйді әрлендіруге тапсырыс алған көрінеді. «Ұлы Жібек жолы» деп аталатын жобаның тұрғындарға берері мол дейді қылқалам шеберлері.

Дмитрий, суретші: «Біздің мақсатымыз — Жібек жолын суреттеу. Алғашқыда бірнеше нұсқа болды. Кейін ойлана келе осындай тоқтамға келдік. Енді сол ойымызды жүзеге асырмақпыз. Мүмкін, дәл осы жерден Жібек жолы өткен болар.» Айтуларынша, суреттерді нөсер жаңбыр мен қар, тіпті, Оңтүстіктің аптап ыстығы да өшіре алмайды. Бірнеше жыл бойы қаланың көркін ашып, тұрғындарға көңіл-күй сыйлайды.

Айта кетерлігі, безендіру жұмыстары барысында 1000 дана бояу құтысы мен 250 кг түрлі эмульсиялық бояу пайдаланылған.

307 рет қаралды

Пікір жазу