"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫ» МАУСЫМЫ ЖАБЫЛДЫ

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 16:01

 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінде «Студенттік құрылыс жасақтары» маусымының жабылу салтанатты іс-шарасы өтті.

Еске салсақ, жаз маусымында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Шымкент қаласындағы бірқатар мердігер компания басшылары арасындағы болған келіссөздер нәтижесінде студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында студенттерді «Студенттік құрылыс жасақтарына» еңбекке тарту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, аталған оқу орнының құрылыс мамандығында білім алған 360 студент, ал аудан, қалалардан 140 студент құрылыс компанияларында

«Студенттік құрылыс жасақтары» аясында құрылыс жұмыстарында еңбек етті. Құрылыс жұмыстарының бітуіне ат салысқан студенттердің орташа жалақысы 50-60 мың теңгені құрады.

Атап айтар болсақ, «Студенттік құрылыс жасақтары» Шымкент қаласында «Қазақстан» кинотеатрының және «Нұрсәт», «Қайтпас», «Тұран» шағын аудандарындағы көп қабатты үйлердің құрылыс жұмыстарына өз үлестерін қосқан.

Шара кезінде Оңтүстік Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл облыстағы құрылыс жұмыстарына қатысқан студенттерге алғыс білдіріп, арнайы дипломмен марапаттады. Алдағы уақытта студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында бұл бастама тұрақты түрде жүргізілетінін айтты.

Бұған дейінгі студенттік құрылыс жасақтары да бірнеше жобаларды жүзеге асырған.

 

ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі

308 рет қаралды

Пікір жазу