17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОТБАСЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 16:03

 

«Отан отбасынан басталады» байқауы спорттық шаралармен де сабақтасты. Облыстық деңгейде өткен сайысқа 14 команда қатысып, кіл мықтыдан кім мықтыны анықтады. Осымен екінші рет ұйымдастырылған жарыста бірінші орын Отырар ауданынан келген отбасыға бұйырды.

Отбасы күні мерекесіне орай ұйымдастырылған сайыстың негізгі мақсаты мынау: Отбасы құндылықтарын дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттау.

Сонымен қатар жас отбасылардың қоғамдық-мәдени жұмыстарға белсене қатысуына мүмкіндік жасау.
Мая Алибжанова, облыстық «Жастар орталығының»  бөлім басшысы:

Бұл жерде отбасылық құндылықтарды насихаттау мен қатар жас отбасыларды көпшілікке таныстыру. Халықтың демографиясына үлес қосып жүрген азаматтарды жұрттың алдына шығару.

Ал, жарыс жеңімпаздары «Біздің жанұя», «Жүйрік болсаң, шауып көр», «Капитандар сайысы» сынды үш кезең бойынша анықталды. Алдымен, әр отбасы өздерін таныстырып, таңғы жаттығу жасаса, кейін эстафеталық жарыста бақ сынады. Ал, соңғы сында команда капитандарының білек күші сарапқа салынды. Бұл сында Сарыағаш ауданынан келген Бақытжан Тұрдықұловтың бәсі басым болды. Ол 16 келілік кір тасын 302 рет көтерді.
Бақытжан Тұрдықұлов, байқауға қатысушы

Бұдан алдын үлкен жарыстарға да қатысып жүлделі болғанмын. Бүгін осы көпшіліктің алдында көп көтергім келіп, 302 рет көтеріп бердім. Бұл жердегі маған ұнағаны жастар мен үлкендерді қатар қойып отыр. Үлкен қалмасам дейді кіші одан қалмасам дейді.

Сайыс қорытындысы бойынша Отырар ауданынан келген отбасы бірінші орынды жеңіп алса, екінші орын түлкібастық Сүлейменовтер жұбына бұйыр

ды. Ал, жүлделі үшінші орын сарыағаштықтардың еншісінде. Одан бөлек, барлық қатысушыға ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттар табыс етілді.

302 рет қаралды

Пікір жазу