17Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМҚАЛАДА ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ СТАНСАСЫ

Бейсенбі, 08 Қыркүйек 2016 16:06

 

Шымкентте жаңа жедел жәрдем стансасы ашылды. Сайрам тұрғын үй алабында бой көтерген бекетте жергілікті тұрғындар үшін төрт бригада қызмет көрсетеді. Мұндағы мамандар тәулігіне жүз қоңырауға дейін қабылдай алады.

Жаңа жедел жәрдем стансасы өз қызметіне бірден кірісті. Жергілікті тұрғындардан келіп түскен шұғыл қоңыраулар бойынша төрт бригада бөлінген. Әр арнайы көліктің іші толық замауи жабдықпен қамтылған. Тұрғындарға көмекке барған мамандар небулайзер, кардиометр, глюкометр сынды апараттардың көмегімен науқастарға медициналық көмек көрсете алады. 

 

 

Жаңа бекет навигация жүйесімен жұмыс істейді. Мұның көмегімен шұғыл жәрдем қызметінің мамандары шақыртуға уақытылы бара алады. Айта кетейік, бұл станса 67 мың халыққа қызмет көрсетеді.

Қазір Шымкент аумағында жедел түскен қоңырауларға 79 бригада қызмет көрсетеді. Мамандар күніне 1500-ден аса қоңырау қабылдайды. Салаға жауаптылардың айтуынша, шұғыл түскен қоңырауларға кешігіп бару әлі де байқалады. Бұл проблеманы шешу үшін қосымша тағы да бригадалар қажет дейді мамандар.

Тағы бір жаңалық — Шымкентте жедел жәрдем көліктеріне кардиометр аппараттары орнатылды. Енді дәрігерлер бірер минуттың ішінде науқастың жүрегіндегі ахауларын анықтай алады. Бұл үшін медициналық көліктердегі жаңа қондырғылар онлайн режимінде жұмыс істейді. Яғни, шақыртуға барған фелдьшер науқастың жүрегін аппаратпен тексерген сәтінде оның түсірілімін кардиолог маман скайп арқылы көре алады. Сөйтіп, науқасқа нақты диагноз қояды.

307 рет қаралды

Пікір жазу