19Қараша2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ

Жұма, 09 Қыркүйек 2016 09:19

 

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Өмірзақов Ерлан Ролланұлының қатысуымен брифинг өтті.

Брифинг барысында жалпы Жамбыл облысында 2016 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша, мемлекеттік бюджеттің салықтар мен кеден төлемдері бойынша орындалуы 122,0 пайызды құрады. Болжам  – 38413,8 млн. теңге болса, нақты түсім 46862,2 млн. теңге, немесе 8448,4 млн.теңгеге артық түсті. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 5014,4 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 112,0 пайыз - деп хабарлады спикер.

Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттің болжамының  орындалуы 122,8 пайызды құрады немесе болжам  – 17017,6 млн. теңге болса, түсім 20891,9 млн. теңге, түсім 3874,3 млн.теңгеге артқан. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 6694,0 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 147,1 пайыз. Оның ішінде:

Салық төлемдері бойынша болжамның орындалуы 115,6 пайызды құрады немесе түсім 1675,8 млн. теңгеге артты, яғни болжам 10740,0 млн. теңге болса, нақты түсім 12415,8 млн. теңге. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 3288,7 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 136,0 пайыз.

Кеден төлемдері бойынша болжамның орындалуы 135,0 пайызды құрады немесе түсім 2198,6 млн. теңгеге артық, яғни болжам 6277,6 млн. теңге болса, нақты түсім 8476,2 млн. теңге. Өткен  жылмен салыстырғанда түсім 3405,3 млн.теңгеге артқан, өсу қарқыны  - 167,2 пайыз.
       

Жергілікті бюджеттің түсімі болжам бойынша 21396,2 млн. теңге, нақты түскені 25970,2 млн. теңге, яғни 4574,0 млн. теңгеге артқан немесе 121,4 пайызды құрады.
      

Оның ішінде:       

Облыстық бюджет бойынша орындалуы 129,8 пайызды құрады, болжам 10250,6  млн. теңге болса,  нақты түсім 13303,7 мың теңге немесе 3053,1 мың теңге артық,  өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 1343,1 млн. теңгеге артық, өсу қарқыны 111,2 пайызды құрады. 
     

Аудандық бюджет бойынша орындалуы 113,6 пайызды құрады, болжам 11145,6 млн. теңге болса,  нақты түсім 12666,5 мың теңге немесе 1520,9 мың теңге артық түскен.

 

 


Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық құрылымдарына 56 арнайы декларациялар тапсырылды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің тәуекел және талдау басқармасының басшысы Палванова Сағадат Әбдезқызы мәлімдеді. С.Палванованың айтуынша, ағымдағы жылдың 8 ай қорытынды бойынша 65 кешенді және тақырыпты тексерулер өткізілді. Аталған тексеру нәтижелері бойынша қосымша бюджетке есептелген салықтар, төлемақы өсімдер және салынған айыппұл сомалары 1956,0 мл.тнг. құрады. Бүгінгі күнге дейін бюджетке өндірілген сома 453,1 млн.тнг., құрайды, оның ішінде түскені 348,2 млн.теңге, ал 104,9 млн.теңге артық төлеммен жабылды.

Бұрынғы кезеңде өткізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 2016 жылдың 31 тамызына айыппұл сомаларын қосқанда бюджетке  өндірілген сома 142,2 млн.тнг. құрайды, оның ішінде түскені 52,2 млн.тнг., ал 90,0 млн.тнг артық төлеммен жабылды.
2016  жылдың 8 ай  ішінде  жоспардан бөлек сыртқа шығу ретінде 5 және 7 камералдық тексеру жүргізілді. Тексеру қорытынды бойынша қосымша 168,5 млн.тнг., кеден төлемдер және салықтар сомасы есептелді, оның ішінде 164,3 млн.тнг., өндірілді немесе 97,5 пайыз. Жалпы ағымды жылдың 8 ай нәтижесі бойынша өндірілген сома 191,7 млн.тнг. құрады.

Атап айтқанда, 2016  жылдың 8 ай ішінде өткізілген салық және кеден тексерулер  бойынша бюджетке 788,3 млн.тнг., түсірілді, оның ішінде нақты түскені 591,8 млн.тнг., ал 196,5 млн.тнг артық төлеммен жабылды.

Ал ақша және мүлікті жария ету мәселесіне келетін болсақ, Жамбыл облысы бойынша  мүлік жария ету туралы науқаны басталғаннан бері  жергілікті атқару органдарының жанында құрылған мүлікті жария ету комиссияларына  жылжымайтын  мүлік  бойынша7992  арыз түсті, оның бағалаған сомасы 41529,0 млн.тнг құрады, оның ішінді  6784 тұрғын объектілері, бағалаған сомасы 25858,5 млн.тнг құрады және 1208 тұрғын емес объектілері, бағалаған сомасы 15670,5 млн.тнг құрады. Жалпы жария етіліп заңдастырылған мүліктің саны 7612 объектілер, бағалаған сомасы 38340,0 млн.тнг құрады, оның ішінді  6521 тұрғын объектілері, бағалаған сомасы 24795,1 млн.тнг құрады және 1091 тұрғын емес объектілері, бағалаған сомасы 13545,0 млн.тнг құрады.
   

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің аумақтық құрылымдарына 56 арнайы декларациялар тапсырылды, - деп сөзін түйіндеді С.Палванова.

Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы

Бүгін Өңірлік коммуникацилар қызметінде «Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 2016 жылдың 8 ай бойынша атқарылған жұмыстар туралы» брифинг өтті. Брифинг спикері: Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары Қазиев Мақсат Бейсембекұлы. Брифинг барысында Б.М.Қазиев Жамбыл облысының сыртқы сауда айналымы туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар  2016  жылдың 8 ай нәтижесі бойынша, Жамбыл облысы бойынша МКД-нің кеден бақылауынан өткен сыртқы сауда айналымы 1 млрд 88 млн 409 мың АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардың жалпы салмағы 1 млн 312 мың 706 тонна. құрайды. Ал экспорт көлемі бойынша  808 млн 616 мың АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардың жалпы салмағы  983 мың 575 тонна. болса, импорт көлемі  279 млн 793 мың АҚШ долларын құрады. Шикізат және тауарлардың жалпы салмағы  329 мың 131 тонна. Жамбыл облысында  транзит тасымалдау операциялардың көлемі   2635 мың АҚШ долларын құрады, шикізат және тауарлардың жалпы салмағы  3723 тоннаны құрап отыр.

  -Ағымды жылдың 8 айы ішінде негізгі экспорттаушы мемлекеттер болып келесі елдер саналады;  Қытай – 48,8%; Канада -12,3%; АҚШ -8,7%; Индия-7,8%; Франция- 5,5%; Германия – 4,4%; Чехия- 3,9%; Польша- 2,4%; Туркмения – 1,8%. Кеден салықтары мен төлемдері  ағымды жылдың 8 айы ішінде түскен себебі, ол төмендегі көрсетілген экспортқа шығарылған тауарлар және шикізат кедендік рәсімдеуден өткізілді, атап айтқанда: химия өнеркәсібінің өнімдері

-  82,1%; минералдық өнімдер- 3,2%; металлдар және олардан жасалған бұйымдар - 0,6%;азық-түлік өнімдері - 0,5%. Сонымен қатар, шет елдерінен импортталған тауарлар, оның ішінде:  машиналар,құрал-саймандар, көлік құралдары, приборлар,аппараттар -  27,7%; тоқыма және тоқыма өнімдері- 3,4%; аяқ киім - 3,2%;азық-түлік өнімдері – 37,3% ( оның 98% қант құрағы,)- деп хабарлады спикер.
  

2016  жылдың 1-ші құркүйегіне дейін таурларға 2091 кеден декларациялары толтырылды. Сонымен қатар, аталған мерзімінде транзит процедура бойынша 55 декларациялары  рәсімделді.

Жамбыл облысының экономикалық тергеу қызметі мәселесіне келетін болсақ, экономикалық тергеу қызметінің, тергеу-жедел құрылымдарымен қылмыстық құқық бұзушылықтың 37 құрамы бойынша, 326 қылмыстық істердегі сотқа дейінгі тергеу қозғалды. Прокурорға айыптау актісімен 151 қылмыстық іс жолданды, 3 іс жеделдетілген тергеп-тексеру өндірісі түрінде, 3 іс кінәні мойындау туралы процестік келісім түрінде және 2 іс хаттама түрінде. ҚР ҚМ

Стратегиялық жоспарымен қарастырылған 40% кем емес көрсеткіштерге жету мақсатында залалды өндіру бойынша жұмыстар жүргізуліде. Құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген залалдың анықталған сомасы 1 млрд. 583 млн. 469 тыс. 632 теңге құрады. Сотқа дейінгі тергеу барысында 493 млн. теңге мөлшерінде залал өндірілді. Залалды өндіру көрсеткіші 31.1% құрайды. Сонымен қатар, 380.9 млн. теңге құрайтын мүлікке тыйым салынды.

Комитеттің әдістемесі бойынша тыйым салынған мүліктің сомасы залалды өндіру болып есептеледі, осыған орай тыйым салынған мүліктің өндіру пайызы 55.2% құрайды- деп хабарлады спикер.

Ал ағымды жылдың 8 айы бойынша Жамбыл облысы МКД-нің Экономикалық тергеу қызметінде, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде жалған кәсіпкерліктің 52 фактісі тіркелді (ҚР ҚК 215-бабы). Оның ішінде прокурорға 15 қылмыстық істер жолданды. Басқа да қылмыстық істер бойынша сотқа дейнгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар Департаменттің Экономикалық тергеу қызметі басқа да бағыттар бойынша жұмыстар белсенді түрде атқарулыда - деп өз сөзін түйіндеді Б.М.Қазиев.

303 рет қаралды

Пікір жазу