"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКІСТАНДА ОҚУЛЫҚ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОҚ

Сенбі, 10 Қыркүйек 2016 18:40

 

Түркістан мектептерінде оқулыққа деген тапшылық сезілмейді. Жаңа оқу жылы басталысымен-ақ, шәкірттер кітаппен 100 пайыз қамтылып қойған.

Әлеуметтік себептерге байланысты және бала санының артықшылығына қарай мектептер арасында өзара кітап алмасу процесі жүріп жатыр.

Түркістанда биыл 55 мың шәкірт жаңа оқу жылын қарсы алды. Бұл көрсеткіш өткен жылдармен шамалас. Дегенмен, кейбір мектептерде бала санының артуы байқалады. Соған байланысты жергілікті білім бөлімі кейбір оқушысы аз білім ошақтарымен кітап алмастыру арқылы оқулық жайын 100 пайызға шешіп отыр.

Гүлнар Әбдіқұлова, Түркістан қалалық білім бөлімінің кітапхана ісі жөніндегі әдіскері:

"Биыл біз 6700 бала 1-сыныпқа барды. Оларды толығымен қамтып отырмыз. Орыс сыныбына баратын оқушылардың сананың артуына байланысты осы орыс сыныбында, яғни1-сыныбында кішкене сезілуі мүмкін. бірақ біз бұл мәселені де шешеміз. Түркістандық ата-аналардың кітап іздеп базарларда сабылуына ешқандай негіз жоқ".

Жасыратыны жоқ, Түркістанда өткен жылдары кітаптан тапшылық болған. Дегенмен, жергілікті билік облыс әкімдігімен бірлесіп, бұл мәселенің түйінін биыл тиімді тарқатып отыр. Қазынаның 244 миллион теңге қаражатына 1 және 8 сынып балаларының кітаптары толығымен жеткізілген. Ата-аналардың кітап іздеп, базарға сабылуына жол жоқ.

Луиза Жүнісова, ата-ана: "Менің ек балам мектепке барады. Екеуіне де кітаптарды толығымен мектептің өзі берді. Ешқандай ата-ана базардан сатып алып жатқан жоқ. Жалпы биыл дұрыс болып жатыр бұл әсіресе, көпбалалы аз қамтылған отбасылар үшін".

Түркістанда 66 мектеп бар. Ешқайсысында оқулыққа мұқтаждық жоқ. Егер кітап жетіспейтін жағдаяттар болып жатса, білім бөлімі ол мәселені көпке созбай, шешуге қауқарлы.

 

249 рет қаралды

Пікір жазу