"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«МЕЛИОРАТОР» КОМАНДАСЫНА – 40 ЖЫЛ!

Сенбі, 10 Қыркүйек 2016 18:42

 

Облыс футболының өркендеуіне өз септігін тигізген Шымкенттің «Мелиоратор» командасына 40 жыл толды. Бұл күндегі «Ордабасы» командасының бастауы да// осы футбол клубымен тікелей байланысты.

Осыған орай// «Мелиоратордың» сапында өнер көрсеткен футболшылар мен Ташкенттің «Пахтакор» командасының ардагерлері халықаралық жолдастық кездесу өткізді. 6-6 болып, тең аяқталған қызықты кездесу жайында тілшіміз Ілияс Жолдас толықтырады.

Осыдан 40 жыл бұрын Шымкенттегі Гидромелиоративті техникумның қабырғасында жасақталған команданың басшысы сол кездегі облыстық футбол федерациясының төрағасы, осы оқу орнының директоры Манап Өтебаев болатын. «Мелиоратордың» сапында өнер көрсеткен Пехлеваниди, Салимов, Байсейтов, Толмачев, Кубиев сынды футболшылар ұлттық құраманың намысын қорғап, талай жастың кумиріне айналды. Кейіннен команда «Жігер», одан соң «Ордабасы» болып  аталды.

«Мелиоратор» командасының 40 жылдығына орай ұйымдастырылған жолдастық кездесуге Ташкенттің аты аңызға айналған «Пахтакор» командасы шақырылды. Ардагер спортшылардың кездесуі алдында Өзбекстанның атын әлемге танытқан футбол серкесі Берадур Әбдірайымов пен Қазақстанның қас шебер футболшысы  Сейілда Байшақов, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының  басшысы Әлібек Нұртаев жарысқа қатысушыларды мерекесімен құттықтап, сәтті ойын тіледі.

Команданың негізін қалаушы Манап Өтебаевтың қызы Гүлнәр Манапқызы әкесі салған сара жолдың жалғасын тапқанына ризашылық сезімін білдірді. Ойын барысында жанкүйерлер екі команда құрамында да белгілі ойыншылардың өнеріне қол соқты. Бақтияр Байсейтов бастаған «Мелиоратор», қазіргі «Ордабасы» алғаш болып, төрт гол салған болатын.  Алайда,   «Пахтакор» ойыншылары екінші таймда жігерлілік танытып, есепті теңестіріп кетті. Тартысты болған кездесу достық есеппен  6-6  тең  аяқталды.

255 рет қаралды

Пікір жазу