13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 21 КӘСІПОРЫН ӨЗ ӨНІМДЕРІН ЭКСПОРТТАЙДЫ

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 17:38

 

Оңтүстік Қазақстанда бүгінгі таңда 21 кәсіпорын өз өнімдерін шет ел асырып, экспорттайды. Аймақтың кәсіпкерлері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан және Тәжікстан Республикаларына өсімдік майы мен ұн, балық сүбесі мен консервіленген балық, құс жұмыртқасын, макарон, кондитерлік өнімдерді, қой етін және сиыр етін экспорттайды. 

Ресей нарығына шығарылатын негізгі өнімдер бақшалық дақылдар, мен көкөністер ІҚМ-ға арналған мал азығы, консервіленген балық, жемістер, мақта, қызанақ, күркетауық еті,сусындар және т.б. Мәселен, осы жылдың алты айында теріскейдегі көршілерге 45 мың тонна қауын, 17 мың тонна қарбыз экспортталған.  Ал оңтүстікқазақстандық «Хамит» компаниясы балықтың сүбе етін Грузия, Германия, Украина Республикаларына және Ресей Федерациясына жібереді.

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өнімдерінің  экспорты Еуро одақ елдеріне шыға бастады. Мысалы, "Қаршыға" шаруа қожалығы алма, қауын және қарбыз өнімдерін Германияға жібере бастады.

Бүгінде ОҚО-да Иран республикасына жүгері және қой етін экспортқа шығару жайы реттелуде. Сауд Арабиясына, БАӘ және Ирак республикасына кой етін  экспорттауға алдын ала келісімдер туралы жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша осы жылдың маусым айында БАӘ-ға қойлар экспортталғаны есімізде.

2016 жылы «KAZNEX INVEST» АҚ Орталық Азияның барлық елдерінде, Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарына, Латвияға, БАӘ, Иранға, Ауғанстанға, ҚХР-на 10 сауда миссияларын өткізген.  шетелдік бейінді көрмелерге 40 компанияның қатысуын ұйымдастыру жөніндегі шығыстарын өтеуді жоспарлап отыр.

340 рет қаралды

Пікір жазу