"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ САЯСАТЫ: ОҢ НӘТИЖЕ

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 17:49

 

 

Оңтүстік Қазақстан облыстық ассамблея хатшылығының бастамасымен облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен білім саласының жауапты қызметкерлері «Қоғамдық келісім» КММ-нің мәжіліс залындағы дөңгелек үстел басында кездесті.

Жиынға қатысушыларға еліміздің білім беру жүйесіндегі үштұғырлы тіл саясатының іске асырылу кезеңдері түсіндіріліп, ұсыныс-пікірлер алмасылды.

Кездесу барысында үштұғырлы тілді білім беру саласына енгізу барысындағы мемлекеттік деңгейдегі тапсырмалар және оның қоғамның бірігуі мен қазақстандық біртектіліктің қалыптасуындағы рөлі туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы А.Кенжебаев пен А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Д.Манкеева айтып берді.

Сонымен қатар, жиында сөз алған орыс, славян және казак ұйымдары бірлестіктерінің облыстық филиал төрағасы Ю.Кирюхин тіл саясатындағы міндеттерді тиімді іске асыру аясында білім беру саласы мен этномәдени бірлестіктер арасында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ тілі үш тілдің біреуі болып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді» - деген ескерту айтқан болатын. Дегенмен, «Үш тұғырлы тілдің» мәнін, маңызын, халық пен болашақ ұрпаққа беретін үлкен пайдасын көпшілік ұғына алмауда. 

Одан бөлек, Президентіміз 2020 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгергендердің қатары 95 пайызға дейін жететініне кепілдік беріп отыр.

 

 

"Қоғамдық келісім" КММ баспасөз қызметі

301 рет қаралды

Пікір жазу