17Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНДА АУЫЛДАРДЫҢ АЖАРЫ АРТА ТҮСТІ

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 17:51

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, Бәйдібек ауданының орталығы Шаянда алты аллея салу жоспарланған болатын.

Бүгінге дейін ауданда «Құрметті азаматтар» және «Жастар» аллеяларының құрылысы аяқталып, наурыз айында пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Бәйдібекте «Мәңгілік ел» аллеясының құрылыс жұмыстары басталды. Шаян ауылының кіре берісіндегі жол бойында орналасатын аллея республикалық бюджеттен қаржыландырылып, жалпы алаңы 0,75 га аумақты алып жатыр. Айта кету керек, бұрын бұл жердің орны бос жатқан алаң болатын.

Болашақта үлкен демалыс орнына айналуы тиіс аллеяға биіктігі 25 метр болатын еліміздің туы орнатылмақ. Арнайы қоршалып, жан-жағы абаттандырылатын орын заманауи жарықтандыру құралдарымен жабдықталып, оған субұрқақтар орнатылады. Нысан осы жылдың қараша айында пайдалануға берілмек.

Мұнан бөлек, аудан жетекшілігі, алдағы күндері тағы үш аллеяның қазығын қағуды жоспарлап отыр. «Қобыз», «Үш би» және «Мұхтар Әуезов» деп аталатын саяжолдардың құрылысы таяуда басталады деп күтілуде.

Елбасы айтқандай: "Ауыл дамыса, еліміз де алға баспақ".  ҚР Президенті инфрақұрылымдық дамудың жоспарын алға тартқаны белгілі, қазір сол жеделдете индустрияландырудың кезекті бесжылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бұған қоса «Өңірлерді дамыту 2020» мемлекеттік бағдарламасының да республикамыздың әр аймағында кешенді дамуға мүмкіндік беруде.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

319 рет қаралды

Пікір жазу