11Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КІРПІШ ЗАУЫТЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРЫП ОТЫР

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 18:07

 

ОҚО Түркістандықтардың құрылыс материалына деген сұранысы артып отыр. Жергілікті халық мұнда жылына 30 миллион данаға жуық кірпіш пайдаланады. Оған алыс-жақын аудандардан түсетін тапсырысты қосыңыз. Үлкен сұранысты қаладағы индустриалды аймақта құрылған отандық «Түркістан трасса» қыш зауыты қанағаттандырып отыр.

«Түркістан трассаның» құрылғанына небәрі бір жылға жуықтаған. Осы уақыт аралығында 800 мың қыш өндірген. Сапасы жоғары өнімге сұраныс та жоқ емес. Өйткені, бүгінде Түркістанда құрылыс қарқын алған. Отандық өнімді қолдауға ниеттілердің бірқатары келер жылғы өнім үшін келісімшартқа отырған.

Түркістан қаласындағы индустриалды аймақта орналасқан екі жоба алғашқы өнімдерін былтыр шығара бастаған еді. Индустрияландырудың екінші бесжылдығының алғашқы кезеңінде 9 зауыт ашылады деп күтілуде. Нәтижесінде, 545 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Бүгінде көне шаһарға тартылған инвестиция көлемі 8 млрд теңгеге жуықтайды. Бастысы, құрылыс кластері дамып, ішкі нарықта отандық өнімнің үлес cалмағы артады. Күйген қыш орама пештің құрылысына жұмсалып жатыр. Ұзындығы – 72, ені 16 метрлік алып пеш айына 1 млн дана қыш күйдіруге қауқарлы. Кәсіпорын күзге дейін толық қуатқа көшеді. «Әзіретжолқұрылыс» зауыты болса жол жиегіндегі бордюрлер мен аяқ жолдарға төселетін бетон заттарын шығарып жатыр.

Қажетті шикізат жергілікті жерден тасымалданғандықтан, тауар бағасы да қалтаға қонымды. Өнім қалдықсыз өңделеді.

Қазір мұнда 70-ке тарта жергілікті азамат нәпақа айыруда. Жұмысшылардың қауіпсіздігі мен ыстық тамағы толығымен қамтылған. Қара жұмысты еңбек еткендер жергілікті жерден екі қолға бір күрек тапқандарына алғыстары шексіз.

«Түркістан трассаға» алғашында пилоттық жоба ретінде қаладағы индустриалды аймақтан 1 гектар жер бөлінген. Жұмысы жүйеленген соң, 8 гектарды иеленуге мүмкіндік туды. Қазір 20 техника мен 9 шетелдік құрылғының жұмысы өнімді. Қажетті топырақты Қазығұрт жиегіндегі рұқсат етілген аймақтан әкеледі.

344 рет қаралды

Пікір жазу