"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОТЫРАРЛЫҚ ДИҚАНДАР ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕҢГЕРГЕН

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 18:08

 

ОҚО Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов Маяқұм, Балтакөл ауыл округтеріндегі  «Отырар-Сүт-Ет» селолық тұтыну кооперативі мен  «Отырар Агро өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысып, диқандармен кездесті.

Қазіргі таңда кооператив құрамына жергілікті «Серікбай-Б», «Мейірбек ЛТД», «Үсенов-Н» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер кіреді.
Кооператив биыл 190 гектар алқапқа «Жиенбай» сортты қауын, 130 гектарына жоңышқа, 100 гектарына жүгері дақылдарын еккен.

Тың технологияларды пайдалану арқылы мол өнімге қол жеткізген шаруашылықтың өнімдеріне сұраныс жоғары болып отыр. Бүгінде Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларынан келген кәсіпкерлер өздері тасымалдап әкетуде.  Бұл – шаруалардың төккен тері мен еңбегінің жемісі.

Осы аптада ғана Елбасы Н. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Барлық әкімдер жыл соңына дейін ауыл шаруашылығы кооперацияларының желісін құру тиіс» деп тапсырма бергені белгілі. 

Мемлекет басшысы: «Үнемі айтып келемін, барлық проблема жайлы. Ол уақыт кеңес заманы еді. Қазір біз шаруадан астық өсіруді, мал, құсты азықтандыруды талап етеміз. Ол қалай  істеу керектігін білмейді. Делдалдар келіп, тауар өндірушілерді тонауда. Кооперациялар орталықтандырылған болуы керек. Сен өндір, біз  сатып алып кетеміз, ал сен одан ары еркін жұмыс істей бересің. Яғни, өте маңызды заң. Мен барлық әкімдерден әр күнді осыдан бастауды талап етемін. Сіздер ауыл шаруашылығы бойынша кооперациялар желісін құруларыңыз  керек. Жыл  соңында мен сіздерден есеп талап етемін.Үкіметке әкімдермен бірлесіп, ауылдық жерлерде кооперациялар ұйымдастыру бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырамын. Олар өнімдерді сату, қайта өңдеуді қамтамасыз етуі тиіс», - деп ескертті. Ендеше біріккен кооперативтерге мемлекеттен де қолдау болмақ.

Ал, Балтакөлдегі диқандар ғылымға негізделген, соңғы озық технологияларды пайдаланып 104 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен пияз еккен болатын. Диқандар әр гектарынан 60 тоннадан өнім алуда. Бұл өнімдер келісім-шарт бойынша «Отырар қойма» ЖШС-нің қоймасында сақталады.

Сонымен қатар, 50 гектар алқапқа тамшылатып суару әдісімен күздік пияз егіліп бітті.

Аудан басшысы диқандардың өнімді еңбегіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі.

255 рет қаралды

Пікір жазу