14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО-ДА 4 МЫҢҒА ЖУЫҚ АЗАМАТ ТІЛ ОҚЫП ҮЙРЕНГЕН

Жексенбі, 11 Қыркүйек 2016 18:10

 

Оңтүстік Қазақстан облысында 4 мыңға жуық азамат тіл оқып үйренген. Бұл туралы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысының орынбасары Қасым Ағабеков  мәлім етті.

Осы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды баяндаған Қ.Ағабеков облыстағы 14 аудан, қалада мемлекеттік және орыс, ағылшын тілдерін оқытатын орталықтарда 3839 азамат тілді тегін оқып, үйренген. Олардың ішінде 1665-і мемлекеттік тілді, ал 931-і орыс тілін үйренсе, 1243-і  ағылшын тілді оқып меңгерген.

Жалпы облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 91%, орыс тілін меңгергендер үлесі 62,5%, ағылшын тілін меңгергендер үлесі 8%-ға жетті. Ал үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгергендердің үлесі 10,2%-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, баяндамашы Елбасы міндеттемесіне сәйкес үштілділік мәселесі бойынша атқарылған жұмыстарды баяндап өтті.

«Бұл бағытта 45-тен астам іс-шара мен дөңгелек үстелдер, байқаулар өткізілді. Жергілікті, аудандық, қалалық БАҚ-та үш тілділікті дамыту жөнінде 60-тан астам мақалалар жарық көрді. Басқарманың ұйымдастыруымен «Облыстық біліктілікті арттыру» семинары, «Тіл шебері» облыстық байқауы, облыстық

«Абай оқулары» байқауы,  «Бала шақтан болашаққа – ана тілімен», Көркемсөз оқу шеберлерінің О.Бөкей атындағы XVIII облыстық байқаулары өткізілді»,-деді Қ.Ағабеков. 

Естеріңізге салса, Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2007 Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды.

Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

371 рет қаралды

Пікір жазу