"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОҚО ДИҚАНДАРЫ БИЫЛ МОЛ ӨНІМ АЛДЫ

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2016 14:34

 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық егіс көлемі өткен жылдан 12,8 мың гектарға артып, 788,6 мың га құрап отыр.

Осы жылы облыс дихандары астық өсіруде озық технологияларды, оның ішінде терең қопсыту әдісін қолдана отырып, үлкен көрсеткіштерге қол жеткізді.

Бүгінгі заманауи технологияларды өндіріске енгізу арқылы өнім көлемін екі есеге дейін арттыруға болатынына көз жеткізген оңтүстіктік дихандар терең қопсыту технологиясымен жұмыс жасайды.   Егістікті әртараптандыру жүйесі оң нәтиже беріп келе жатқандығы  жаңаша технологияларды игеру мәселесін қолға алудың нәтижесі дейді мамандар.

Мәселен, диқандар 214,4 мың га жерге масақты дәнді дақылдар егіп, оның әр гектарынан 22 центнерден (2015 ж -17,8 ц/га), барлығы 470 мың тонна өнім жинаған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 123 мың тоннаға артық. Айта кетейік, биыл шаруалар жалпы дәнді дақылдардан 660 мың тонна өнім жинауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, облыста бүгінгі күнге дейін 866 мың тонна көкөніс, 991 мың тонна бақша, 181 мың тонна картоп жиналды. Аграрлы аймақтың тұрғындары жалпы биыл 125 мың тонна жеміс-жидек және 73 мың тонна жүзім жинауды көздеп отыр. Бүгінгі күнге дейін олар 47,6 мың тонна жеміс, 23,2 мың тонна жүзім жинаған.

Жиын-терім жұмыстарымен қатар, мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Шаруалар қазірге жоспарлаған 3484,4 мың тоннаның 3747 мың тоннасын (108%) дайындап үлгерген.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

277 рет қаралды

Пікір жазу