"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТҮРКІСТАНДА 120 ОТБАСЫ ПӘТЕРЛІ БОЛМАҚ

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2016 15:47

 

Түркістанда соңғы кездері қала келбеті көркейіп, бас жоспарға сәйкес құрылыс қарқын алып келеді. Кентке кіре беріс оң жақ беттен көпқабатты екі үйдің құрылысы толығымен бітіп, пайдалануға беруге дайын. Мұнан өзге «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы аясында Қазақстан Ипотекалық компаниясы салған тағы екі тұрғын үй пәтер кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ, Бекзат шағын ауданында жаңадан бой тіктеген спорт кешені қаланың ажарын аша түскен. Түркістандықтар үшін қоныстой қуанышы таяу тұр. Қаланың Отырар мөлтекауданынан бес қабатты екі бірдей тұрғын үй пайдалануға берілмек. Алпыс пәтерден тұратын баспана ең алдымен, әлеуметтік аз қамтылған және үй кезегінде тұрған азаматтарға үлестіріледі. Тек алдымен инфрақұрылым мәселесі шешілсе болғаны. Көпқабатты тұрғын үйлердегі жалпы пәтер саны - 120. Яғни, түркістандық осыншама отбасы   қоныстой тойлайды. 1,2,3 бөлмелі пәтерлерден тұратын баспаналардың сапасында мін жоқ. Құрылыс материалдарына отандық өнім пайдаланылуда.

Ал, Бекзат мөлтекауданындағы спорт зал құрылысына жергілікті бюджеттен 140 миллионға жуық қаржы қаралған. Ақпан айында құрылысы басталған кешен, көп ұзамай он-он бес күннен соң ел игілігіне берілмек. Осылайша, Түркістанда құрылыс деңгейі жоғары дәрежеде жүргізілуде. Биыл жыл соңына дейін тағы да көпқабатты үйдің 8-і тұрғызылмақ. Сөйтіп, келер жылдары 500-дей түркістандық жаңа үйге қоныстанады. Қазірдің өзінде Қазақстан

Ипотекалық компаниясы 72 пәтерлік тоғыз қабатты екі тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп жатыр. 144 пәтер үй кезегіндегі азаматтарға несиелік негізде берілмек.

«Қазақстан-Шымкент»

287 рет қаралды

Пікір жазу