"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТТЕ «ТАЗА ҚАЛА» АКЦИЯСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2016 15:49

 

Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының ұйымдастыруымен қалада «Таза қала!» акциясы жүріп жатыр. Жеке тұрғын үйлер орналасқан көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын ретке келтіру, сондай-ақ, абаттандыру жұмыстарына жеке және серіктестік меншіктерінің мүшелері мен тұрғындарды қала тазалығына кеңінен тарту мақсатында дәстүрлі «Таза қала» акциясы биылғы жылы 4-ші рет ұйымдастырылып отыр. Аталмыш акцияға Шымкент қалалық Еңбекші ауданынан 64 аула мен 12 көше қатысуда.  Жүлдегерлерді анықтайтын комиссия мүшелері аяуда осы нысандарды аралап, жүргізілген жұмыстармен танысып шықты. Енді байқаудың жеңімпаздары қала күні қарсаңында белгілі болады. Мәселен, Ілияев көшесінің тұрғындары «Үздік аула» номинациясы бойынша үздік деп танылғылары келеді. Сондықтан ертелі-кеш аула ішін таза ұстауға тер төгіп, еңбектеніп келеді. Көршілер ауызбіршілікпен ұйымдаса жұмыс істеп, қоқыстардың бей-берекет шашылып жатуына жол бермейді, әрі аула ішін көздің жауын алардай әсем гүлдермен көмкеріп, жайнатып жіберген. Рейд барысында тағы байқалғаны, қаладағы «Ақсу» көшесінің тұрғындары да белсенді. Олар да осы акция басталғалы бірігіп, көшені көгалдандыру жұмыстарына бір кісідей жұмылып келеді. Байқаудың шарты бойынша бұрын жүлделі орыннан көрінген көше келесі байқауға қатыса алмайды. Ондағы мақсат - қаланың барлық көше тұрғындары мен аула жанашырларын осы акцияға тарту. Байқау қала күні мәреге жетеді. Шымкенттің 4 ауданы бойынша акцияға қатысқан барлық көшелер мен аулалар осы аптаның соңына қарай толық бақылаудан өтпек. Сонымен қыркүйектің 13-і күні комиссия отырысында жеңімпаздар анықталады деп күтілуде. Сонымен қатар, акцияға белсене қатысып, өзі тұратын аула мен көшенің тазалығы мен көркеюіне үлес қосқан мектеп оқушылары мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, «нөлдік төзімділікті» қалыптастыру, ұсақ құқық бұзушылықтардың алдын алуда нәтижелі еңбек көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.

308 рет қаралды

Пікір жазу