14Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚҰРБАН АЙТТАҒЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТАР ...

Сейсенбі, 13 Қыркүйек 2016 15:56

 

Қасиетті Құрбан айт намазынан соң, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев барша жамағатты ұлық мерекемен құттықтады. Өз сөзінде еліміздегі ислам дінінің кең таралуы мешіттердің санымен емес, жүрек тазалығымен өлшенетінін соның арқасында елдің ынтымағы мен берекесінің артатынын жеткізген шаһар басшысы тұрғындарды ынтымақ пен бірлікке шақырды. Сондай-ақ, осы күні қала әкімдігінің бастамасымен қала басшылығы және өзге де азаматтардың шалған құрбандықтарының етіне қоса, азық-түлік тұрмысы төмен 240 отбасыға таратылып берілді. Бұл қайырымдылық іс қала орталығындағы «Есім хан» алаңының маңына ұйымдастырылып, алдымен жиналған жұртшылыққа арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Бұдан соң қала әкімі Ә.Өсербаев, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Сәрсенбаев, қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Ж.Әзіретбергенов және дін өкілдері көпшілікті мерекелерімен құттықтап, қайырымдылық рәсімін өткізді деп жазады Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Құрбан айт күні мұндай қайырымдылық шараларынан отырарлықтар да тыс қала алмады. Ауданның Қоғам ауылындағы «Арыстан баб» мешітінде Құрбан айт намазынан соң құрбандық шалуға мүмкіндігі бар азаматтар Алланың ризалығы үшін құрбандық шалуға кірісіп кетті. Тек Ораза, Құрбан айттарда ғана емес, Шәуілдір ауылындағы «Керемет» сауда орталығында әр жұма сайын аз қамтамасыз етілген отбасыларға тегін нан мен азық – түлік тарату биылғы жылдың сәуірінде басталып, дәстүрге айналған еді. Сауапты істі жалғастырған аудан әкімі Ерлан Айтаханов бүгінгі атаған садақасын осы дүкенге тапсырды. Аудан басшысынан үлгі алған кәсіпкерлер мен мекеме, бөлім басшылары құрбандық етіп шалған мал еті мен азық – түліктерін осында жеткізуде. Аталған азық-түлік пен ет мұқтаж жандарға осы жерден таратылды. Аудан басшысы «Құрбандық шалу – кісіні шүкіршілік пен тәубаға шақырады. Құрбан сөзінің өзі «жақындау» деген мағына береді. Барлық мұсылман Аллаға жақындап, өзінің кәдесін, дұғасын жасайды. Сол жасаған дұғаларыңыздың барлығы қабыл болсын!» дей келе, бұл шараның айттың үш күнінде де жалғасатынын айтып, мүмкіндігі бар азаматтарды шараға белсене атсалысуға шақырды.

399 рет қаралды

Пікір жазу