"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМҚАЛАДА АЗЫҚ-ТҮЛІК БЕЛДЕУІ ҚҰРЫЛАДЫ

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек 2016 17:18

 

Шымкентте азық-түлік белдеуі құрылады. Бұл жөнінде өңір басшысы ҚР Президентінің тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу бойынша өткен кеңейтілген мәжілісте айтты. Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының әкіміне қаланың даму жоспарына қатысты бірқатар тапсырмалар берді.

Шымкент қаласын агломерациялық орталық ретінде дамыту мақсатында және қала халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін облыстың аудандары мен Шымкент қаласының арасында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өндірістерін құруға байланысты меморандумға қол қойылады.

«Қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ететін аграрлық секторда шағын және орта бизнес белдеуін құруды тапсырамын. Сонымен қатар, жасыл белдеу құру мақсатында бақтар мен орман аймағындағы жерлерге толық тексеру жүргізу қажет деп білемін, - деді ол.
Сондай-ақ, Елбасының тапсырмаларына орай, өңірдің және аудан, қалалардың аймақтық даму картасы жасалады.

Сонымен қатар өңір басшысы бүгінгі тарапынан берілген бірқатар тапсырмалардың орындалу жайы қаралған мәжілісте «оңтүстіктің тамақ өнеркәсібін дамытудағы әлеуеті артып келеді. Бүгінде Сайрам, Мақтарал, Сарыағаш аудандары өндірген өнімдерін экспорттап келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында экспортталатын өнімдердің тізбесін жасап, біріңғай «Оңтүстік экспорт» бағдарламасын дайындауды тапсырамын»,-деді.

Сондай-ақ, облыс әкімі таза өнім экспорттау үшін, өңірдің өз брендін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
Мәжілісте аймақ басшысы аудан, қала әкімдеріне өз өнімін экспорттауға қауқарлы әрбір тауарөндірушіге барынша қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауданда өндірілетін өнімдердің тізбесін жасауды нықтап айтты.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

243 рет қаралды

Пікір жазу