"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАРАЗДА ӨНЕРЛІ ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ БАЙҚАУ ӨТТІ

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 16:34

 

Бүгін Тараз қаласының қалалық мәдениет үйінде  «Отбасы - өмір аясы»  атты өнерлі отбасылар арасындағы байқау ұйымдастырылды.

Байқауға 6 өнерлі отбасы қатысты. Олар: Расул, Гұлнұр Дүйсенбаевтар, Куаныш, Гүлмира Молдабаевтар, Берік, Айдана Жорабековтар, Әлішер, Гүлнұр Оралбаевтар, Нүркен, Дина Жанабаевтар, Жансерік, Дінмуслима Мадиевтер отбасылары.

 

Байқау 4 айналымнан тұрды.

І кезең таныстыру;

ІІ кезең «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»…(карточкалық сұрақтарға жауап беру).(5-6 мин);

ІІІ кезең «Біз өнерлі отбасы»(әр отбасы мүшесі өз өнерін көрсетеді ән,би,күй,өлең); 

 

 

Ү кезең «Тәлім-тәрбие және шеберлік»..жағдаяттар шешу(5-6 мин). (отбасы өміріне, бала тәрбиесіне байланысты әр түрлі жағдаяттарды отбасының ата-аналары ұтымды шеше білу).

Байқау нәтижесі бойынша әділқазылардың  шешімімен 1-орынды Дүйсенбаевтар отбасы, 2-орынды Жанабаевтар отбасы,  3-орынды Мадиевтар отбасы иеленді. Жүлдегерлер  дипломмен, қалған қатысушылар қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шараға көрермен ретінде 300 адам қатысты.

229 рет қаралды

Пікір жазу