"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ОБЛЫСТЫҚ ДЕПУТАТТАР ӘКІМ ҚАБЫЛДАУЫНДА БОЛДЫ

Бейсенбі, 15 Қыркүйек 2016 17:05

 

Өңір басшысы Б.Атамқұлов Оңтүстіктен Солтүстікке  қоныс аударған азаматтардың жағдайымен танысу мақсатында еліміздің солтүстігіне баратын облыстық мәслихат депутаттарының делегациясын қабылдады.

Айта кету керек,  құрамында облыстық мәслихаттың хатшысы Қ.Айтөреев, облыстық мәслихаттың депутаттары Ж.Ағабеков, Д.Әбіш, А.Салимов, М.Төлтебаев пен М.Тұрысбековтер бар жұмысшы топ мүшелері іссапар кезінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Е.Сұлтановпен және xалық қалаулылары, сондай қоғам қайраткерлерімен жүздеспек.

Елбасының  еңбек күші мол аймақтан солтүстік өңірлерге қоныстандыру арқылы жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында  биыл Оңтүстіктен Солтүстікке қоныстанған 74 отбасыға мемлекеттен бөлінетін  субсидия толығымен берілді. Бүгінде тағы 32 отбасының құжаты рəсімделуде.

Кездесу барысында депутаттар облыс әкіміне осы бағдарламаның іске асыру барысы туралы айтты. Сонымен қатар, халық қалаулылары қос облыстың екі жақты ынтымақтастығын дамыту мәселелерін талқылады.

Еске салсақ, биыл «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасына жаңа тармақ енгізілді. Үкімет оңтүстік аймақтарды – халқы көшуші, солтүстік аймақтарды – көшті қарсы алушы аймақтар ретінде белгілеп берді. Оңтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасарының Сәтжан Полатовтың сөзінше, азаматтарды түстіктен теріскейге көшірудің демографиялық себебі де бар Оңтүстік Қазақстан облысында – 3 миллионға жуық, ал Солтүстік Қазақстан облысында 6 жүз мыңдай ғана тұрғын бар.   Солтүстік Қазақстан облысының халқы көрші Ресейге және облыс орталығы Петропавлға көше бастаған. Ауылдарда адам саны азайғаннан соң мектеп пен балабақшалар жабылып жатыр. Ол жақта жер кең, игеруге адам жетіспейді. Түпкі ой – демографияны көтеру, жұмыссыздықтың алдын алу.

284 рет қаралды

Пікір жазу