15Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҮШТІЛДІЛІК БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕ ЖҮЗІНДЕ ....

Дүйсенбі, 11 Шілде 2016 05:28

 

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен 2015-2019 жылдарға арналған Үштілділік білім беруді дамыту бойынша Кешенді жоспарды іске асыру аясында Үржар ауданындағы «Үржарайым» сауықтыру лагерінде тілдік лагері ашылды.

Лагерьдің басты мақсаты: тілдік ортада ағылшын тілде ауызекі сөйлесе білуге үйрету, сөздік қорын байыту, күнделікті тұрмыста қолданылатын жаңадан үйренген сөзді пайдалана білу, ағылшын тілінде қысқа тақпақтар мен әндер үйрену.

 

 

Білім бөлімінің ұйымдастыруымен біздің ауданнан 10 бала бірінші ауысымға барып қайтты.Ағылшын тілді меңгеруге облыс бойынша 200-ге жуық бала келіп ағылшын тілін ұйренумен бірге Алакөлде сауықтырылып, демалып, қызықты күндер өткізді.

«Елбасының «Үш тұғырлы тіл» жобасы ел болашағын баянды етуден туған, алысты көздеген мақсат. Мемлекет басшысы:  «Қазақстан-2050» Стратегиясы бұл болашақ ұрпақтың қамы. Болашақ бүгіннен басталады , ел болашағы – ертеңгі азамат, бүгінгі жас ұрпақ. «Бала тәрбиелеу – болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керек» - деген болатын. Ендеше мұндай шаралардың мақсатқа жетер жолда өз үлесін қосары даусыз.

376 рет қаралды

Пікір жазу