27Қыркүйек2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

КЕНТАУ ТРАНСФОРМАТОР ЗАУЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Жұма, 16 Қыркүйек 2016 11:49

 

Қазіргі таңда Кентау трансформатор зауыты дамып келеді. Зауыт өнімдерін тұтынушылардың қатарында «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан теміржолы» сияқты алпауыт мекемелер бар. Орта Азияда баламасы жоқ сапалы өнімдер Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан мен Ауғанстанға да экспортталады.

Кәсіпорында бүгінде 1100 адамды тұрақты жұмыспен қамтылған. Олардың көбі жастар. Кәсіпорын жанынан ашылған колледждің 500-ге жуық студенті дуальды жүйемен осында мамандығын толық меңгереді.

Трансформатор зауытында жұмысшылар үш ауысымда еңбек етуде. 20 жылда өндіріс көлемі 20 есеге өскен. Зауытта 36 жаңа өнім түрі шығарылады, жылдың соңына дейін бұл көрсеткішті 40-тан асыру межеленген. Ірі инвестициялық жобалардың бірі — Шымкент қаласында салынатын жоғары кернеулі ірі трансформатор зауыты. Қазығы қағылған жаңа кәсіпорынның құжаттары рәсімделіп жатыр.

Жаңа кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар да дайын. Олар қуатты трансформаторларды құрастырып-жинау тәжірибесін жастарға үйретуде. Қалдарбек Құлмұханбетовтың оператор болып қызмет еткеніне екі жыл болды. Алматыдағы политехникалық университетті бітірген ол ұсыныс болса, жаңа зауытта істеуге дайынмын дейді.

Шымкент қаласында жаңа трансформатор зауыты ашылған күннен тапсырыстар көбейеді дейді зауыттағылар. Жақында беларусстар да өнімдерге өтінім берген. Көрші Ресей, Қырғызстан, Өбекстаннан келіп жатқан тапсырыстардың көлемі де едәуір артып отыр. Келісім-шарт түзген шетелдік компаниялардың қатары көбейген. Осылайша «Алагеум групп» компаниясы Еуропа нарығына шығуға да сенімді қадам жасауда.

348 рет қаралды

Пікір жазу