"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ 2020 ЖОЛ КАРТАСЫ» ҚАНДАЙ НӘТИЖЕ БЕРУДЕ?

Сенбі, 17 Қыркүйек 2016 16:38

 

ОҚО Ордабасы ауданында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесінде жыл басынан бері бағдарламаға қатысуға 1590 азамат өтініш білдірді.

Осылардың ішінде 70 азамат бағдарламаның 1 бағыты - «Инфрақұрылымды және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен уақытша жұмыспен қамтылғандар. Бағдарламаның ІІ бағыты - «Кәсіпкерлік бастамашылықты ынталандыру» аясында жыл басынан бері кәсіпкерлік негіздеріне - 30 азамат оқытылып, осы бағыт шеңберінде 87 адамға 240,6 млн. теңге шағын несие берілді. Нәтижесінде  71 жаңа жұмыс орындары құрылды. Ал бағдарламаның ІІІ бағыты шеңберінде бос және жаңа жұмыс орындарына 1206 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланса, бүгінгі таңға жолданғаны 912 азамат, яғни жоспар 75,6 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бойынша 156 адам 28 мекемеге жолданды. Ал 127 жас маман Жастар практикасына тартылды.

МӘЛІМЕТКЕ:

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы 3 бағыт бойынша іске асырылады. Елдің әр азаматы мынадай бағыттардың бірі бойынша қатыса алады: оқыту курсынан өту, мамандық бойынша жұмыс табу немесе өз бизнесіңді ашу немесе кеңейту.

Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- инфрақұрылымды және тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету;
- жеке кәсіпкерлік қызметті қолдау;
- жұмысқа орналасуға оқыту және әрекеттесу, жұмыс берушінің  қажеттіліктері аясында қоныс аудару.

262 рет қаралды

Пікір жазу