"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫМКЕНТ ШАҺАРЫ ҚАЛА КҮНІН ҚАЛАЙ АТАП ӨТПЕКШІ?

Сенбі, 17 Қыркүйек 2016 16:44

 

Миллиондар қаласының мерейлі мерекесі – қыркүйектің 24-іне жоспарлануда. Қала күні бұл жылы да ерекше тойланады. 2200 жылдық тарихы бар Шымқала күнін атап өтуге қалалық бюджеттен 25 млн. теңге бөлінген.

Сәніне салтанаты жарасқан шаралар бүгіннен басталды. Қаланың 13 нүктесінде жастардың қатысуымен «I love Shymkent» флеш-мобы өтеді. Ертең, қыркүйектің 18-і күні, Қонаев-Желтоқсан көшелерінің қиылысы мен Наурыз алаңында сағат 9 бен 11 аралығында қала тұрғындарының қатысуымен жүгіруден эстафета өтеді. Оған салауатты өмір салтын ұстанатын барлық қала тұрғындары мен қонақтары да  қатыса алады. Сондай-ақ, 23-і күні алғаш рет «Shymkent showdown 2016» деп аталатын кроссфит бойынша ашық түрдегі чемпионат ұйымдастырылады. Ол орталық саябақта, сағат 11:00-де басталады. Көріп тамашалаймын деушілерге есік ашық. Ал, 24-қыркүйек, қала күнінде таңғы сағат 10:30-дан бастап, орталық ипподромда ұлттық спорт ойындары қызса, кешкі сағат 19:00-де Наурыз алаңында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концерт болады. Айта кетейік, шаһар билігі «Қалаға тілек» жобасын ұйымдастыруда. Ол бойынша кез-келген қазақстандық әлеуметтік желіде өзінің Шымкентке арнауын жазып, «Қалаға тілек» хэштегін қоюы тиіс. Ең үздік жазылған тілектер мен жасалған видеороликтер бағалы сыйлықтармен марапатталады.

235 рет қаралды

Пікір жазу