16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ПОЛИЦЕЙЛЕРДІҢ ӨЗ САЯБАҒЫ БОЛАДЫ

Сенбі, 17 Қыркүйек 2016 16:46

 

Шымкентте полицейлерге арналған саябақ салынады. Бұл туралы өңір басшысы Б.Атамқұлов ішкі істер департаментінің қалалық бөлімшелерінің жұмысымен танысу барысында айтты.

Аймақ басшысы қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлері мен осы салада еңбек еткен ардагерлерге құрмет көрсету үшін Шымкент қаласынан арнайы саябақ салу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Сапары барысында облыс әкімі полиция бөлімшелерінің ғимараттарын уақыт талабына сай реттеу үшін ұсыныс енгізуді Шымкент қаласының әкімі мен тиісті құрылымдық бөлімдердің жетекшілеріне жүктеді.

Сондай-ақ, қала әкімі Қаратау аудандық ішкі істер бөлімшесінің ғимаратын жаңадан салынып жатқан «Шымкент сити» ауданында салуды ұсынды. Бөлімшені жаңа инфрақұрылыммен жабдықтау қажеттігін атап өткен өңір басшысы жобаны қолдады.

Сапар соңында облыс әкімі мемлекет тарапынан тәртіп сақшыларына барынша жағдай жасалып жатқанын жеткізіп, лайықты жұмыс жасау арқылы ел сенімін ақтауды айтты.

Ел сақшыларына мемлекет тарапынан, жергілікті билік тарапынан жасалынып жатқан мұндай қолдаулар халықтың қауіпсіздігін, жұрттың тыныш та бейбіт өмір сүруіне үлес қосуды мақсат етері сөзсіз.
Анықтама: Алдағы үш жылда оңтүстікқазақстандық полиция қызметкерлері 350 дана қызметтік көлікпен қамтылатын болады. Бұл өз кезінде олардың жұмыс көрсеткіштерін жақсартып, нәтижелі жұмыс жасауға сеп болады.
 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

371 рет қаралды

Пікір жазу