"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

«ӨЗ БАЛАҢА ҮЛГІ БОЛ!» АКЦИЯСЫ

Сенбі, 17 Қыркүйек 2016 16:48

 

«Өз балаңа үлгі бол!». Осындай тақырыппен еліміздің барша білім ордаларында республикалық ата-аналар конференциясы болып өтті. Шараның басты мақсаты – бала тәрбиесіне ден қою.

Ата-аналардың көпшілігі мектепке келген балаға мұғалім мен білім ордасы жауапты деп ұғынады. Қате пікір. Мектеп те, ата-ана да өздерінің  жауапкершілігін бір-біріне артпауы қажет. Бала мектепке келгенде мұғалім қарауында болады, ал, мектептен тыс уақытта - ата-анаға аманат.

Ұлжан Рузаева, ата-ана: «Биыл менің ұлым бірінші сыныптың табалдырығын аттап отыр. Үйде өзін еркін ұстап үйренген баламның мектептегі жүріс-тұрысы бірден қалыптастпайды. Соны біз ата-ана болып, мұғалімдер болып бірге үйретуіміз қажет. Болашақ білімді ұрпақ тәрбиелеуде осындай жиыннның мәні зор дер едім».

Дегенмен қазіргі уақытта балалар мектептен тыс уақытын далада өткізіп жатады. Немқұрайлылықтан бала қыдыруға, жағымсыз әдетке бой алдырады.

«Сондықтан баланың әр қадамын қарап отырған дұрыс»,- дейді шараны ұйымдастырушылар.

Бағдан Жұманов, Ә. Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің директоры: «Ата-аналар үшін мұндай конференциялар керек. Осы шара аясында бала тәрбиесінде керекті кеңестерге толы кітапшалар тараттық»...

Биыл бұл білім ордасында алты 1-ші сынып ашылды. Әрқайсысында кемі 25 оқушыдан. Барлығы 150-ден астам оқушының ата-анасы бүгін Білім және ғылым министрлігі, «Нұр Отан» партиясы мен Отбасын тәрбиелеу институтының ұйымдастыруымен өткен жиыннан мол мағлұмат алды.

309 рет қаралды

Пікір жазу