"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КӨШ БАСЫНДА ...

Бейсенбі, 28 Шілде 2016 14:00

 

Экономикалық көрсеткіштер бойынша Шығыс Қазақстан республика өңірлерінің көш басына шықты. Бұл туралы еліміздің экономикалық дамуына арналған Үкімет жиынында айтылды.

Ресми деректерге сүйенсек, ағымдағы алты айда облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысында оң динамика байқалған. Айталық, өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 142,4 пайызға, ауыл шаруашылығы 112,3 пайызға өскен. Оның ішінде 100,1 мың тонна ет пен 388 мың тонна сүт, 71,8 миллион дана жұмыртқа өндірілген.

Одан бөлек аталған мерзімде қолданысқа берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 136,9 мың шаршы метрді құрады. Ал шағын және орта кәсіпкерлік саласында 101,6 субъектінің жұмыс істеп тұрғаны анықталған.

Индустриаландыру Картасы жобаларының саны 82-ге жетті. Олардың жалпы құны 1160 млрд. теңгені құрап отыр. Бұл жобалар жүзеге асырылған кезде 19 мың жұмыс орны құрылады. Биыл жеті жобаны іске асыру көзделген.

Облыс бюджеті меншікті кіріс бойынша 113,8 пайызға орындалып, 44,8 млрд. теңгеге жетті. Бұл 2015 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 13,2 пайызға жоғары.

 

Шығыс ақпарат

115 рет қаралды

Пікір жазу