13Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 100-ШІ МЕШІТ АҚСУАТТА АШЫЛДЫ

Бейсенбі, 04 Тамыз 2016 18:12

 

Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ақсуатта облыс өңіріндегі 100-ші мешіт ашылды. Осы жылдар ішінде еліміздегі дін саласында айтарлықтай жұмыстар атқарылған .

Мәселен, егемендіктің алғашқы жылдарында елімізде 68 мешіт болса, қазір оның саны 2300-ге жеткен. Ал облыс бойынша осыған дейін 99, Тарбағатай ауданында 24 мешіт болды. Ақсуатта таяуда ашылған Алланың үйі 25-ші, облыста 100-ші болып тіркелді.

Мешіттің ашылу салтанатына белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар қатысты. Мешіттің лентасын облыстық «Халифа-Алтай» мешітінің бас имаммы

Ермек қажы Мұқатай, аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев қиды. Ақсуат мешітінің сәулеті айшықты, тұрған жері аудан орталығының тұрғындары үшін аса қолайлы. Осынау сауапты істі жүзеге асырған ауданның белді азаматтары Тұрсын Тастекеев пен ғимараттың қаржылық шығынын көтерген Дулат Тастекеевке тарбағатайлықтар ризашылықтарын білдірді.

218 рет қаралды

Пікір жазу