"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТАРАЗДЫҢ БИЫЛҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ САНЫ 64 МЫҢНАН АСТЫ

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2016 09:36

 

Бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Білім мекемелерінің жаңа оқу жылына дайындығы»  туралы пресс-конференция өтті.

Пресс-конференцияға Тараз қаласы әкімінің орынбасары  Олжабай Кенжебек Мамашұлы, қала әкімдігі білім бөлімінің басшысы Заурбекова Гүлзия Расылханқызы, Тараз қаласының әкімдігінің ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Деметбаев Қадырбек Рахымбекұлы  қатысты. Біраз жылдан бері жөндеу жұмыстары жасалмаған мектептерге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқандығын хабарлады. Сонымен қатар, БАҚ өкілдерінің көкейкесті сұрақтарына жауап берді.

Г.Заурбекованың айтуынша, Тараз қаласында жалпы мектеп саны – 59 (жалпы білім беретін күндізгі мектеп – 58, кешкі мектеп – 1), оның ішінде, бастауыш мектептер – 4 (№30,52,58,59), орта мектептер – 54.          

 

                                                                 

 

-Жалпы Тараз қаласында жаңа оқу жылында мектептерде оқитын оқушылар саны – 64063, оның ішінде 1-ші сыныпқа қабылданғаны – 8543. Оқушылар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 3475 оқушыға  артып отыр. Ал күрделі жөндеуден өткізуге 2016 жылға 1 млрд. 223 млн. 098 мың теңге қаражат қарастырылған. Айта кетерлік жайт, 2015 жылға күрделі жөндеу жұмыстарына қаражат қарастырылған жоқ .  Оның ішінде,  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы аясында қалаларды және ауылдық елді мекендерді дамыту шеңберінде объектілерді жөндеу» бағдарламасы бойынша 523 566,0 мың теңге қарастырылып, бірнеше нысандарға  нысандарға бөлінді . Атап айтсақ, -№24 гимназияға  - 257 862,0 мың теңге, №32 орта мектепке - 211 155,0 мың теңге, №37 орта мектепке - 131 479,0 мың теңге, №21 балабақшаға - 99 036,0 мың теңге -, деп мәлімдеді спикер.  

- Жалпы жөндеу жұмыстарына 8 мердігер компаниясы қатысты.

Аталған мектептерде келісім-шартқа сәйкес жасалған кесте бойынша күрделі жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. 2016 жылдың 1 қыркүйегіне көрсетілген мекемелердің барлығында жөндеу жұмыстары аяқталмауына байланысты оқушылар жақын маңдағы мектептерге қатынап оқитын болды, әкімдіктің бақылауында екендігін хабарлады спикер.

 

 

Сонымен қатар бүгінгі баспасөз-мәслихатында Тараз қаласы әкімдігінің ТКШ бөлімі басшысының орынбасары Қадырбек Деметбаев мырза Төрткөл алқабынан қосымша автобус бағыты жүретінінен де хабардар етті.

Қ.Деметбаевтың хабарлауынша, күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты №32 орта мектептің оқушылары 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап, Көшек батыр көшесінде орналасқан №9 орта мектепте екінші ауысымда уақытша білім алуда. Сабақ 14.00-де басталып, 19.05-те аяқталады. №9 орта мектепке жақын маңайда тұратын оқушылар мектепке жаяу қатынап, ал алыстау жерде Ы.Сүлейменов көшесінің соңында тұратын 42 оқушы, қала ішінде қатынайтын №18 бағыттағы қоғамдық көлікпен және «Аса-Тараз» шағын автобус бағытымен қатынап оқиды. №9 орта мектеп пен Ы. Сүлейменов көшесінің соңындағы аялдамаға дейінгі ара қашықтық 3 шақырым 520 метрді құрайды Көшек батыр көшесінен Ы.Сүлейменов көшесіне дейін Жамбыл даңғылының бойымен 640 метр, Жамбыл даңғылынан Ы.Сүлейменов көшесінің соңындағы аялдамаға дейін 2 шақырым 880 метр.

  - Аталған №18 бағыттағы автобустар таңертен сағат 7.00-9.00, түскі мезгілде 12.00-14.00 дейін, ал кешкі мезгілде 17.30-19.30 аралығында 20 минуттық үзіліспен қатынауда.

«Сонымен қатар, «Төрткөл» алқабы және Ы.Сүлейменов көшесімен қосымша жүргізу үшін №21 автобус бағытының қозғалыс сызбасы дайындалып, конкурсқа шығару жұмыстары атқарылып жатыр. Алдағы уақытта конкурсқа қатысушы тіркелген жағдайда, ағымдағы жылдың 25-ші  қазанынан бастап, қызметін бастайтын болады. Бұл бағыт Төрткөл алқабындағы «Караван сарай» мәдениет орталығынан бастап, Рысбек батыр көшесімен, Рахимов көшесі, Аль-Фараби көшесі, Сейфуллин көшесі, Тұрар Рысқұлов көшесі, Төле би даңғылы, Қойгелді көшесі, Қазыбек би көшесі, Абай даңғылы, Төле би даңғылы, Сыпатай батыр көшесі, Мәмбет батыр көшесі, Жамбыл даңғылы арқылы «Тараз» автобекетіне қатынайтын болады-, деп мәлімдеді Қ.Деметбаев.

354 рет қаралды

Пікір жазу