"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 25 ЖЫЛДЫҒЫНА - 25 МОДЕЛЬДІ КІТАПХАНА

Дүйсенбі, 19 Қыркүйек 2016 09:45

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы Бөржар ауылдық кітапханасы заман талабына сай жаңаша жабдықталып, «Модельді ауылдық кітапханаға» айналып отыр.

 

 

Модельді кітапхана – оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетуді жоғары сатыға көтеретін жаңа кітапхананың стандарты. Оның басты міндеттері – компьютерлік технологияларда енгізудің арқасында электронды ақпараттар қорын қалыптастыру, кітапханалық қорларды дамыту, материалдық – технологиялық базаны нығайту.

Кітапхана — мәдени-ағартушылық мекеме. Кітапхана баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады.

Бұл өз кезегінде  қазына ордаларының материалдық-техникалық базасы жақсарып, кітап қоры артып, ғаламтор ресурстарына қол жеткізілетін болады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына – 25 модельді кітапхана» жол картасы бойынша үш бірдей – Бөржар, Бадам, Бөген ауылдық кітапханалары модельді кітапхана болып ашылды. Бөржар модельді ауылдық кітапханасының лента қию салтанатына қатысқан облыстық «Отырар» ғылыми- әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ғ. С. Хакимова арнайы сертификат табыс етсе, Бөржар ауыл округі әкімінің орынбасары Б. Сиқымбай, ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы С. Абулдаева кітапсүйер қауымға ізгі тілектерін білдірді. «Кітапхана – білім ордасы» мерекелік іс-шарасына қатысқан бірқатар қонақтар түрлі кітаптар сыйлап, кітапхана қорын толықтырды.

309 рет қаралды

Пікір жазу