"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНА ЕРЕКШЕ КӨРМЕ

Сейсенбі, 20 Қыркүйек 2016 17:26

 

ШҚО-да 20 ғасырдың басындағы қазақ зиялыларына арналған үш көрме өткізілді. Өңірдің мұражай-қорығында бірегей үш көрме ашылды, екеуі дербес және мұрағатты фотокөрме.

Экспозиция мемлекет қайраткері, алғашқы Абайдың өмірбаяншысы Әлихан Бөкейханұлының 150-жылдығына және көрнекті жазушы-абайтанушы Қайым Мұхамеджановтың 100-жылдығына арналды.

 

 

Жәдігерлер арасында - Бөкейханұлының тарихи-этнографиялық еңбектері, Мұхамеджановқа тиесілі туындылар, фотографиялар, мұражай-қорық қорынан құжаттар, суреттер бар. Абайтанушының  өмірі мен шығармашылығына қатысты экспонаттардың басым бөлігін туыстары берді. Соның арқасында жазушының жұмыс кабинетінің фрагменті жасалды.

«Мұражай-қорықпен ынтымақтастық арқасында «Алаш» қозғалысын құру тарихына байланысты барлық материалдарды объективті және толықтай көрсете аламыз», - деп атап өтті көрменің ашылуында ШҚО меммұрағат директоры Түсіпбеков.

Көрме 1 қазанға дейін жалғасады, - деп хабарлады мұражай баспасөз қызметінен.

246 рет қаралды

Пікір жазу