16Желтоқсан2017

"Жебе" ақпараттық cайты

"Нұр Отан" партиясының жобалары

МЕКТЕПТЕРДІ БЕЙНЕКАМЕРАЛАР БАҚЫЛАЙДЫ

Сейсенбі, 16 Тамыз 2016 06:22

 

Ағымдағы оқу жылынан бастап Семей шаһарындағы барлық қала мектептерінде бейнебақылау камералары орнатылады.

Өскемен қалалық білім бөлімінің басшысы Мәдениет Ахметованың айтуынша, бейнебақылау камералары ведомствоға қарасты барлық білім ошақтарында орнатылады.

– Мониторлар тәулік бойы жұмыс істеп тұратындықтан мектеп ішіндегі тәртіпті қадағалап отыруға да тиімді. Ең бастысы, бұл – оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы. Осы бейнебақылау камералары арқылы мектептердің кіреберісінен бастап ішкі дәлізіне дейін бақыланатын болады, - дейді бөлім басшысы.

Айта кетейік, қазір қала мектептерінде 645 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Соның 201-і биыл орнатылған.

190 рет қаралды

Пікір жазу